Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 1 шілдеден бастап зейнетақы жарнасын кім төлеуге міндетті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Зейнетақы жарналарын әдетте жұмыс берушілер төлейді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының хабарлауынша, 1 шілдеден бастап кейбір санаттағы азаматтар міндетті зейнетақы жарналарын өзі төлеуге міндеттеледі. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстанның зейнетақы жүйесі көп деңгейлі. Оған базалық мөлшерлеме және міндетті зейнетақы, сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) берілетін төлемдер кіреді.

БЖЗҚ төлемдері жеке зейнетақы шотында жинағы бар азаматтарға ғана қолжетімді. Олар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жиналады.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, қазақстандық жұмыс беруші өз қызметкерлерінің жалақысының 10 пайызын алып, зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті. Жарналар қызметкердің жалақысынан ұсталады.

Енді еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер де, заңды тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық шарт бойынша қызмет көрсететіндер де зейнетақы жарналарын төлеуге тиіс.

Алайда кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын басқа жеке тұлғаларға азаматтық-құқықтық шарт бойынша қызмет көрсететін қазақстандықтар міндетті зейнетақы жарналарын төлемеуге құқығы бар.

Бұл талап халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұрақтаған шет мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық мекемелерінің өкілдеріне де қатысты.

Бірақ БЖЗҚ мәліметінше, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап аталған санаттағы тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге тиіс болады.

МЗЖ төлемі екінші деңгейлі банктерде мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады, төлем өз кезегінде БЖЗҚ иелерінің шотына аударылады.

Яғни, алдағы уақытта АҚС келісімшарты бойынша қызмет көрсететін азаматтар, дипломатиялық және консулдық мекемелер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері зейнетақы жүйесінің толыққанды қатысушылары әрі БЖЗҚ салымшылары қатарына қосылады.

Осылайша болашақта адамдарға қомақты төлемдер беру үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтамасыз етуді ұлғайту жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2026376-qazaqstanda-1-sildeden-bastap-zeinetaqy-zarnasyn-kim-toleuge-mindetti/