Сарапшылар: Қазақстандағы кедейшіліктің деңгейіне отбасындағы адам саны әсер етеді
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстандағы кедейшілік деңгейі орта есеппен 4,8 пайызды құрады, бірақ Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, бұл көрсеткіш азаматтың отбасындағы адам саны мен тұратын аймағына байланысты әрқалай болуы мүмкін. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Бүгінде Қазақстандағы кедейшілік деңгейі жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі арқылы анықталады. Бірақ бұл көрсеткіш өңірге байланысты әрқалай мүмкін.
Ұлттық статистика бюросы сарапшыларының мәліметінше, 2023 жылдың бірінші тоқсанында елдегі орташа ең төменгі күнкөріс деңгейі 45 948 теңге шамасында белгіленген, кедейшілік деңгейі де осы уақыт аралығында 4,8 пайызды құрады.
Яғни, қазақстандықтардың шамамен осынша үлесінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз. Алайда кейбір аймақтарда бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.
Қай өңірлерде күнкөріс деңгейі төмен отбасылар көп
Сарапшылардың пікірінше, 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы кедейшілік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан облысында тіркелген – кедейшіліктің көрсеткіші бірден 8,1 пайызға жеткен. Яғни, республикалық көрсеткіштен бір жарым есе жоғары.
Абай облысында бұл көрсеткіш 6,8 пайызды құраған, ал Жетісу облысында 6,7 пайызға жеткен.
Алматыда 2023 жылдың бірінші тоқсанында кедейшілік деңгейі 3,7 пайыз, Шымкентте 5,8 пайыз, Астанада 1,9 пайыз болған, бұл ең төменгі көрсеткіш деп саналады.
Дегенмен кедейшілік деңгейі өңірге ғана байланысты емес. Сарапшылардың пікірінше, үй шаруашылығының да көлемі кедейшіліктің деңгейіне әсер етеді.
Мәселен, 5 және одан да көп адамнан тұратын отбасылар арасындағы кедейшілік деңгейі 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 8,5 пайызды құраған, бұл жалпы кедейшілік деңгейінен шамамен 2 есе жоғары.
Екі адамнан тұратын отбасылардың басым бөлігінде бұл көрсеткіш небәрі 0,4 пайызды құрайды, ал үш адамнан тұратын отбасыларда 1,5 пайызға жеткен. Басқаша айтқанда, үй шаруашылығының көлемі отбасының әл-ауқатына әсер етуі мүмкін.
Еске сала кетейік, Қазақстанда кедейлік шегін ең төменгі күнкөріс деңгейінен бөлу жоспарлануда. Бұл халықтың әл-ауқатына оң әсерін тигізуі мүмкін, өйткені оны халықтың орташа табысына сүйеніп есептейтін болады. Ал орташа табыс көрсеткіші ең төменгі күнкөріс деңгейінен әлдеқайда жоғары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2026508-sarapsylar-qazaqstandagy-kedeisiliktin-dengeiine-otbasyndagy-adam-sany-aser-etedi/