Қазақстанда жыл басынан бері ең төменгі күнкөріс деңгейі қаншалықты өсті
Жарияланған күні:
Читать на русскомБірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі шамамен 47 мың теңгеге дейін өскен. Қай өңірде өмір сүру қымбатырақ екенін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі төртінші ай қатарынан төмендеп келе жатқанымен, елдегі өмір сүруі құны әлі жоғары. Бұл жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінен көрінеді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 916 теңге болып белгіленді. Бұл 2023 жылдың басымен салыстырғанда (45 419 теңге) 3,3 пайызға артық.
Жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейін мемлекет жыл сайын есептейтін және зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін анықтау үшін қолданылатын көрсеткішпен шатастырмау керек. Ол көрсеткіш жылдың басында белгіленіп, өзгеріссіз қалады және 2023 жылы 40 567 теңгені құрайды.
Жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі, өз кезегінде, тауарлар мен қызметтердің құнына сәйкес құбылмалы келеді және ай сайын өзгеріп тұрады. Оның үстіне, ол аймаққа байланысты айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін.
Мәселен, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі Батыс Қазақстан облысында (42 672 теңге), ал ең жоғары Маңғыстау облысында (59 361 теңге) белгіленген.
Астанада бұл көрсеткіш шамамен 51 999 теңгені құрайды, Алматыда - 48 819 теңге, Шымкентте - 46 160 теңге.
Айта кетейік, ең төменгі күнкөріс деңгейі орта деңгейлі қазақстандықтың ең негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға керекті ай сайынғы мөлшерлемедегі қырықтан астам азық-түлік тауарларының құнына қарай есептеледі.
Сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейі есепке алынып, аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Сонымен қатар әзірге ең төменгі күнкөріс деңгейі елдегі кедейшіліктің көрсеткішін анықтау үшін пайдаланылады, бірақ жуырда 2025 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі кедейшіліктің көрсеткішінен бөлініп, орташа кіріс негізінде есептелетін болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2027263-qazaqstanda-zyl-basynan-beri-en-tomengi-kunkoris-dengeii-qansalyqty-osti/