Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк қағаз 200 теңгелік банкноталарға қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

200 теңгелік банкноталар
200 теңгелік банкноталар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ескі 200 теңгелік банкноталар әлі де айналымда, бірақ кейбір сатушылар оларды қабылдаудан бас тартып жатыр. Осы орайда Ұлттық банк ресми сайтында мәлімдеме жасады.

"Номиналы 200 теңгелік банкноталардың қабылданбай жатқаны туралы өтініштерге байланысты Қазақстан Ұлттық банкі олардың заңды төлем құралы саналатынын еске салады. Бұл банкноталар Қазақстан Республикасының барлық аумағында кез келген төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті.

Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнына қарай қабылдаудан бас тарту -"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке жетелейді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығармағанын, ал айналымдағы 200 теңгелік банкоталар табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан шығарылып, 200 теңгелік монеталармен ауыстырылатынын атап өтті.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі тұрғындарда қосымша сұрақтар туындаса, 1477 нөмірі арқылы Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға болатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2030262-ulttyq-bank-qagaz-200-tengelik-banknotalarga-qatysty-malimdeme-zasady/