Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі шамамен 50 мың теңгеге дейін өсті
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстанда жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 мың теңгеге дейін өсті. Еліміздің қай тұрғындары үшін бұл сома азды-көпті болуы мүмкін. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Жыл басынан бері Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды. Бірақ бұл белгіленген сома негізгі әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін қолданылады.
Бұл ретте елдің әр түрлі өңірінің тұрғындары үшін жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі ай сайын азық-түлік өнімдерінің белгілі бір жиынтығының құнына байланысты анықталады. Яғни, азық-түлік бағасы неғұрлым жоғары болса, ең төменгі күнкөріс деңгейі де соғұрлым жоғары болады.
Finprom.kz сарапшылары мәліметінше, Қазақстанда шілде айында азық-түлік инфляциясы 13,5 пайызды құрады. Ал ең төменгі күнкөріс деңгейінің есебіне кіретін азық-түлік өнімдері жылына 10,5 пайызға қымбаттап, ең төменгі күнкөріс деңгейі өскен.
Биылғы жылдың шілде айында Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа күнкөріс деңгейі 49,5 мың теңгені құрады. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 44,8 мың теңгені құраған болатын.
Аймақтар бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін қарастырсақ, әр өңірде баға әр түрлі келеді. Оның ішінде төрт өңірдегі баға деңгейі республикалық көрсеткіштен асып түседі.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі жоғары өңірлердің бірі дәстүрлі түрде Маңғыстау облысы болып саналады – 62,2 мың теңге, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 13,5 пайызға артық. Маңғыстаудағы ең төменгі күнкөріс деңгейі республикалық көрсеткіштен 25,8 пайызға асып түскен.
Екінші орында Астана қаласы – 56,4 мың теңге, үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 52,4 мың теңге. Бұл өңірлерде ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық деңгейден 14,1 пайыз және 6 пайызға жоғарылаған.
Үздік бестікке Алматы (51,2 мың теңге) мен Павлодар облысы да (49,4 мың теңге) кірді.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі аз өңірлерге Қызылорда (44,3 мың теңге), Түркістан (44,4 мың теңге) және Ақтөбе облысы (45,2 мың теңге) кірді.
Айта кетейік, ең төменгі күнкөріс деңгейі аймаққа ғана емес, халық тобына да байланысты өзгеруі мүмкін, өйткені ересектердің азық-түлік тұтыну нормасы балаларға қарағанда әлдеқайда жоғары.
Осылайша жас ерекшеліктері бойынша ерлер мен ұлдар арасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мынадай болып тіркелген:
- 0,5 жастан 1 жасқа дейінгі сәбилерге 32,5 мың теңге қажет;
- 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге 62,6 мың теңге қажет.
Әйелдер арасында да ең төменгі күнкөріс деңгейі жас ерекшелігі бойынша мынадай болып бөлінген:
- 1 жасқа дейінгі қыз балаларға – 30,5 мың теңге;
- 14 пен 17 жас аралығындағы қыздарға – 47,9 мың теңге қажет екені анықталды.
Барлық жас санатындағы ұлдар мен ерлер үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі қыздар мен әйелдердің көрсеткіштерінен айтарлықтай асып түскен.
Биылғы жылдың шілде айында жас санатына байланысты ерлерге қажетті ең төменгі күнкөріс деңгейінің көрсеткіші 1,9 пайыздан 30,5 пайыз аралығында құбылған.
Сондай-ақ өңір бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің көрсеткіші аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) есептеу үшін қолданылатынын еске сала кетейік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2031818-qazaqstanda-en-tomengi-kunkoris-dengeii-samamen-50-myn-tengege-deiin-osti/