Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қандай ет түрі қымбаттады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Саз ыдыстағы тағам
Қуырылған ет. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда биыл ет өнімдері күрт қымбаттады. Елімізде қандай ет түрі ең қымбат? Толығырақ EnergyProm сарапшылары айтып берді.

Қаңтар мен маусым аралығында Қазақстанда шамамен 37 мың тонна жаңа және салқындатылған "қызыл" ет өндірілді. Бұл 2022 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 4,6 пайызға жоғары. Бұл ретте айта кетейік, ет өндірісінің өсімі екінші жыл қатарынан тіркеліп отыр.

Дегенмен сарапшылар өндіріс көлемінің өскенін ғана емес, ет бағасының да артқанын тіркеген. Мәселен, бір жыл ішінде қой еті 7,1 пайызға, жылқы еті 9,1 пайызға қымбаттады.

Бүгінде сиыр еті (11,5 пайыз) мен шошқа етінің (11,9 пайыз) бағасы көбірек жоғарылаған.

Қай өңірде ет өнімдері ең қымбат

Аймақтық тұрғыда баға өсімі бойынша Астана бірінші орында. Елордада сиыр етінің бағасы – жылына 20,9 пайызға көтерілген. Алматы облысы екінші орында – 20,6 пайыз, Ұлытау облысы үшінші орында – 17,9 пайыз.

Жылқы еті болса Ақмола облысында көбірек қымбаттаған – өсім көрсеткіші 27,9 пайызды құрайды, ал Алматы облысында қой етінің бағасы жылына 15,5 пайызға өскен. Астанада шошқа етінің бағасы бірден 28,1 пайызға жоғарылаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2032694-qazaqstanda-qandai-et-turi-qymbattady/