Қанша қазақстандық мемлекет тарапынан қаржылай көмекке зәру
Жарияланған күні:
Читать на русскомАтаулы әлеуметтік көмек (АӘК) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін аз қамтылған отбасыларға төленеді. Қанша азамат АӘК-ке зәру. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Ұлттық статистика бюросы сарапшыларының мәліметінше, 2023 жылдың шілде айында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 49 619 теңгені құрады. Бұл ел бойынша орташа көрсеткіш (аймаққа байланысты көрсеткіш айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін).
Мәселен, шілде айындағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің ең жоғары мөлшері Маңғыстау облысында тіркелді – 62 518 теңге, ал ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысында тіркелді – 44 766 теңге.
Бұл көрсеткіштер өңірлердегі кедейшілік деңгейін анықтауға, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде қолданылады. АӘК кез келген аз қамтылған отбасына емес, жан басына шаққандағы орташа табысы аймақтық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен отбасыларға ғана тағайындалатыны атап өтілді.
Яғни, Қазақстанда орташа есеппен жан басына шаққандағы орташа табысы 34 733,3 теңгеден төмен отбасы аз қамтылған деп саналады. Бірақ Маңғыстау облысының тұрғындары үшін шекті көрсеткіш 43 762,6 теңгені құрайды, ал Қызылорда облысы үшін 31 336,2 теңге.
Қазақстанда қанша аз қамтылған отбасы бар
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпаратынша, еліміздің жарты миллионнан астам азаматы мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж.
2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша АӘК 102,7 мың отбасынан 538,9 мың адамға тағайындалған. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 65 миллиард теңге бөлінді.
Сондай-ақ аз қамтылған отбасында 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары болса, әрбір балаға 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем беріледі, бұл көрсеткіш биыл 5 175 теңгені құрайды. 1 тамыздағы жағдай бойынша 166,5 мың мектеп жасына дейінгі бала АӘК алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2032739-qansa-qazaqstandyq-memleket-tarapynan-qarzylai-komekke-zaru/