Қазақстанда қандай салық түрі қысқарады: Қаржы министрі жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін мәжіліс кулуарында президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда қандай салықтарды қысқарту жоспарланып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Журналистер министрден елде қашан және қандай салық түрі қысқартылатынын сұрады - президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте халыққа жолдауында осындай тапсырма берген болатын.
"Қазір біз жаңа салық кодексін әзірлеп жатқанымыз өздеріңізге белгілі. Жақын арада үкімет талқылауынан кейін жобаны жариялаймыз - сонда барлығын көресіздер", – деді министр Ерұлан Жамаубаев.
БАҚ өкілдері Жамаубаевтан қандай салықтар туралы айтып тұрғанын түсіндіруді өтінді.
"Менің ойымша, бұл алымдар болуы мүмкін. Бізде жүйелік маңызы бар 2-3 салық жұмыс істеуде – бұл корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы және тау-кен салығы. Әрине, олар қалады.
Бірақ жарнама үшін немесе т.б. нәрсе үшін салынатын шағын салықтар, алымдар қысқаруы мүмкін", – деп жауап берді министр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2035490-qazaqstanda-qandai-salyq-turi-qysqarady-qarzy-ministri-zauap-berdi/