Қазақстанда кімге көлік салығын төлемеуге болады
Жарияланған күні:
Читать на русскомЕлімізде көлік салығын тек халықтың әлеуметтік осал топтары емес, кейбір мамандар да төлемеуге құқылы. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Көлік салығы дегеніміз – жыл сайын жиналатын арнайы салық түрі, оның мөлшері көлік қозғалтқышының көлеміне байланысты өзгеруі мүмкін.
Мысалы, жанармай багінің (шаны) көлемі 3 литрден кем "шағын көліктер" үшін қазақстандықтар 2023 жылғы көрсеткіштерге сәйкес, 3 450 теңгеден 31 050 теңгеге дейін салық төлейді. Ал жанармай багі үлкенірек болса, онда салық мөлшері шамамен 700 мың теңгеге дейін арта түседі.
Салық құнына автокөліктің ескілігі де әсер етеді – 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстанға әкелінген қозғалтқыш көлемі үлкен көліктер үшін салынатын салық мөлшерлемесі одан кейін әкелінген көліктерге қарағанда төменірек болады.
Бұл ретте кей қазақстандықтар көлік салығын төлемеуге мүмкіндігі бар. Салық кодексінің 490-бабы 3-тармағына сәйкес, бірнеше санаттағы азаматтар жеңіл автокөліктерге қатысты жеңілдіктерге үміттене алады.
Заңды тұлғалар
Шаруа қожалығының басшылары мен мүшелерiнің кәсібіне байланысты арнайы салық жүйесі бар. Ол бойынша аталған сала мамандары мен басшылары жеңiл көлік үшiн көлiк салығын төлемеуге құқылы.
Яғни бір шаруа қожалығына қозғалтқышының көлемі 2 500 текше сантиметрге жететін бір көлік құралы үшін көлік салығын төлемеуге болады.
Сондай-ақ бұл салықты мынадай санаттағы ұйымдар төлемеуге құқылы:
- мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік орта білім беру мекемелері;
- мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері (қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден аспайтын бір жеңіл автокөлік).
Жеке тұлғалар
Нақты Қазақстан азаматтарына келер болсақ, жеке тұлғалар арасындағы жеңілдіктер қарастырылған азаматтар көлік салығын төлеуден босатылады. Мысалы, бұл санатқа "Батыр ана" атағын алған немесе "Алтын алқа", я болмаса "Күміс алқа" марапаты берілген көп балалы аналар кіреді.
Олар өздеріне тиесілі бір жеңіл автокөлікке салық төлемеуге құқылы.
Бұл жеңілдік мүгедектігі бар адамдардың жеке моторлы мүгедектер арбасы мен автокөліктеріне қатысты. Алайда олардың ата-аналары не қамқоршылары көлік салығынан босатылмайды.
Жеңілдіктері бар көлік салығынан босатылған азаматтарға (бір жеке автокөлік үшін) мынадай санаттағы адамдар да кіреді:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағында соғысқан өзге де ардагерлер;
- Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлығы мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері әрі медальдардың иегерлері, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай қызмет істеген әрі ордендермен, медальдармен марапатталмаған адамдар;
- Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тылда көрсеткен жанқиярлығы, еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО батыры атағын алғандар, Кеңес Одағының батырлары және Социалистік Еңбек Ерлеріне салық төлемеуіне болады;
- "Халық Қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарымен, үш дәрежелі "Даңқ" орденімен әрі "Отан" орденімен марапатталған тұлғалар.
Бірақ салықтан тек қозғалтқышының көлемі 4 литрден кем жеңіл автокөліктері барлар босатылады. Ал жеңілдіктері бар адамның бірнеше көлігі болған жағдайда салық сомасы жоғары болатын 1 бірлік көлік қана салықтан босатылады.
Сондай-ақ 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін мұндай автокөліктерді өз атына тіркеп үлгерген тұлғалар үшін шекті жанармай багінен жоғары көліктерге (4 литрден жоғары) салық төлеу бойынша жеңілдіктер қарастырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2039487-qazaqstanda-kimge-kolik-salygyn-tolemeuge-bolady/