Биыл қазақстандықтар зейнетақы қорынан қанша қаражат алды
Жарияланған күні:
Читать на русском2023 жылы 9 айдың ішінде қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 195 миллиард теңгеден астам қаражат алған. Азаматтар зейнетақы жинағын қандай мақсатта жұмсағысы келді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Data Hub Telegram-арнасының дерегінше, қазақстандықтар үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шоттардан ақшаның бір бөлігін алу мүмкіндігі пайда болғаннан бері ең төменгі жеткіліктілік шегі айтарлықтай өскен. Бірақ оған қарамастан, биыл салымшылардың басым бөлігі өмір сүру жағдайын жақсарту үшін немесе алып жатқан емінің ақысын төлеу үшін зейнетақы жинағынан қаражат алған.
Бірінші кредиттік бюро сарапшыларының дерегінше, 9 айда БЖЗҚ зейнетақы жинағын алу туралы 127,1 мың өтінішті орындаған. Азаматтар зейнетақы жинағынан жалпы сомасы 195,2 млрд теңгені шығарып алған.
Бұл ретте зейнетақы жинағынан ең көп шығарылған сома шілде айында тіркелген – көрсеткіштерге сәйкес, қазақстандықтар зейнетақы жинағынан 51,3 млрд теңгені шығарып алған. Бұл көрсеткіштің жоғарылауы 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енуімен байланысты болуы ықтимал. Әлеуметтік кодекс күшіне енгелі кейбір санаттағы азаматтар барлық зейнетақы жинағын БЖЗҚ-дан алып шығу мүмкіндігіне ие болған.
Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан ақшаны көбіне қандай мақсатта алып шыққан
Сарапшылардың пікірінше, қазақстандықтар көбіне зейнетақы жинағынан қаражатын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін алып шыққан. Бұл мақсатта қаражатты алып шығу туралы 68,4 мың өтініш келіп түскен, алынған қаражат мөлшері 118,5 млрд теңгені құраған.
Сондай-ақ зейнетақы жинағынан қаражат шешіп алу туралы 55,4 мың өтініш ем алудың ақысын төлеу мақсатында келіп түскен. Жалпы жинақтан шешілген сома мөлшері 72,7 млрд теңгені құрады. Жеке зейнетақы активтерін басқарушыларға 4 млрд теңге аударылған. Бұл мүмкіндікті 3,3 мың азамат пайдалана алды.
Дегенмен бүгінде зейнетақы жинағын алу бойынша көрсеткіштер бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Мысалы, 2021 жылдың қаңтар айының соңынан наурыздың басына дейін 700 миллиард теңгеден астам қаражат алынған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2040168-biyl-qazaqstandyqtar-qansa-zeinetaqy-zinagyn-alyp-syga-aldy/