Қазақстан биржасында доллар тағы да құлдырады
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін, 22 қарашада Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауданың қорытындысы бойынша, доллар бағамы шамамен 2 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ KASE-ке сілтеме жасап.
Демек, қазір Қазақстанда бір доллардың құны 456,83 теңгеге тең. Кешеден бері америкалық валюта 2,17 теңгеге арзандаған.
Бұл ретте NUR.KZ сайтындағы айырбастау бағамы парақшасынан алынған мәліметке сүйенсек, қазақстандық екінші деңгейлі банктер енді долларды мына бағамен саудалап жатыр:
- Алматыда: сатып алу – 455,1-459,1 теңге, сату – 460,5-463 теңге;
- Астанада: сатып алу – 455,1-457,5 теңге, сату – 460,5-463 теңге.
Қазақстандық айырбастау орындарында Kurs.kz мәліметі бойынша, долларды мына бағамен сатып алуға және сатуға болады:
- Алматыда: сатып алу – 459,1-459,5 теңге, сату – 461,4-461,7 теңге;
- Астанада: сатып алу – 455-458,5 теңге, сату – 462-463 теңге.
Еске салайық, кеше күндіз АҚШ доллары 3,51 теңгеге арзандады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2047119-qazaqstan-birzasynda-dollar-bagamy-tagy-da-quldyrady/