Қазақстанда цифрлық теңгенің электрондық ақшадан айырмашылығы неде
Жарияланған күні:
Читать на русскомЦифрлық теңгені кәдімгі электрондық ақша сияқты пайдалануға болады: пластикалық картамен төлеуге немесе оны смартфонмен байланыстыруға мүмкіндік бар. Бірақ бұдан бөлек цифрлық теңгенің көпшілік біле бермейтін тағы бірқатар ерекшелігі бар. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Цифрлық теңге пилоттық жобасы Қазақстанда ресми түрде биыл қарашада іске қосылған. Оны 2025 жылғы желтоқсанға дейін ел экономикасына толықтай енгізу жоспарланып отыр.
Алайда қазақстандықтарда ел валютасының жаңа түріне қатысты кейбір сұрақтар туындауы мүмкін. "ЦентрКредит Банкі" (ЦКБ) цифрлық теңгемен төлем жасаудың электрондық немесе қолма-қол ақшамен төлем жасаудан қандай айырмашылықтары барын айтты.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда сынақ түрінде цифрлық теңгемен қамтамасыз етілген криптовалюта шығарылғаны хабарланған болатын.
Цифрлық теңгені қалай және қай жерде сақталады
Банк баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, цифрлық теңге жеке CBDC-картасында жинақталып, соның ішінде сақталып тұрады.
"Клиент цифрлық теңгеде шот ашу мүмкіндігіне ие болады, цифрлық теңге шот ішінде сақталады және төлем карталары, NFC, электрондық әмияндар (ApplePay, SamsungPay), сонымен қатар төлем карталары сынды кез келген төлем жасауға арналған құралды пайдалана отырып төлем операциясын жасауға болады", – деп атап өтті ЦКБ өкілдері.
Тіпті қазірдің өзінде тест жүргізу аясында алғашқы пайдаланушылар үшін пластикалық төлем картасы қолжетімді.
Бұл цифрлық картаның физикалық нұсқасы, ол мобильді қосымшада және электрондық әмияндарда қолжетімді. Төлем картасы – цифрлық теңгедегі шот есебінен төлемдер жасауға арналған құралдардың бірі.
Цифрлық теңгемен төлем жасауда қандай ерекшелік бар
Банк баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, тұтынушылар үшін қазіргі төлем түрлері мен цифрлық теңгемен жасалатын төлемдерде аса айырмашылық болмайды.
"Қолданыстағы төлем құралдары арқылы цифрлық теңгемен есеп айырысуға болады: мысалы, мобильді қосымшаларды алайық. Бірақ жаңа мүмкіндіктер де пайда болады және ең алдымен офлайн төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігі (пайда болуы ықтимал - ред.)", – деп атап өтті банк баспасөз қызметі өкілдері.
Цифрлық теңге картасын қалай толтыруға болады
Алдын ала болжам бойынша қазақстандықтар цифрлық теңгемен еш шектеусіз шотынан ақша шеше алады, я болмаса төлем картасын толтыра алады. Бірақ әзірге бұл механизм сынақтан өтіп жатыр.
"Шектеулі шығарылымдағы қолдану сценарийлерін тестілеу үшін, әуелі, Ұлттық төлем корпорациясымен біріге отырып, цифрлық теңгені өмірлік циклдің барлық кезеңінен, яғни төлем инфрақұрылымын толтырудан бастап есеп айырысу процесіне дейін сынақтан өткізу қажет", – деді "ЦентрКредит Банк" баспасөз қызметі өкілдері.
Сондай-ақ "ЦентрКредит Банк" өкілдері кәдімгі банктік шоттан цифрлық теңге шотына өзара ақша аударымдарын енгізу функциясы қарастырылып жатқанын айтты.
Ал алдағы уақытта цифрлық теңгені ұлттық валютаның барлық нысаны, соның ішінде қолма-қол ақша мен электрондық ақшамен өзара айырбастау мүмкіндігі пайда болуы ықтимал.
Цифрлық теңге картасын қашан алуға болады
"ЦентрКредит Банк" баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, әзірге цифрлық теңге картасы сынақтан өту сатысында болғандықтан, биыл қарашада Ұлттық төлем корпорациясы мен Visa халықаралық төлем жүйесі бірлесіп, цифрлық теңгелік төлем картасының шектеулі данасын шығарған.
Бұл жаңа қазақстандық валютаның әрбір қызметін, яғни төлем инфрақұрылымын толтырудан бастап есеп айырысу процесіне дейінгі барлық функциясын сынақтан өткізуге бағытталған.
"Жобаның басты мақсаты – өмірлік циклдің барлық кезеңін нақты өмірлік жағдайларда сынақтан өткізіп, жөндеу. Клиенттерді тарту үшін біз барлық функциясы толық жұмыс істейтініне көз жеткізуіміз керек.
Пайдаланушылар шеңберін 2024 жылдан бастап кеңейту мүмкін болады", – деді ЦКБ өкілдері.
Яғни, болашақта жаңа ұлттық валюта түрі қазақстандықтар үшін таңсық болмайды, керісінше, электрондық ақша сияқты ыңғайлы болады деп күтіліп отыр: цифрлық теңгені мобильді банкинг қосымшалары мен пластикалық карта арқылы тұтынып, төлем формасын өзара ауыстырып отыруға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2047918-qazaqstanda-cifrlyq-tengenin-elektrondyq-aqsadan-aiyrmasylygy-nede/