Биыл Ұлттық қордан ЛРТ құрылысына 52 млрд теңгеден аса қаражат бөлінген
Жарияланған күні:
2023 жылы Ұлттық қордан Астанадағы ЛРТ құрылысына 52 млрд теңгеден аса қаржы бөлінген. Бұл туралы "Ашық бюджеттер" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Көлік министрлігінің бюджеттік бағдарламасының жобасына сәйкес, "Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске)" жобасы бойынша шараларды іске асыру шығыны 52 434 322 000 теңге.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен Астана қаласының бюджетіне "Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске)" жобасы шеңберінде құрылысқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері. Осы бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар 2023 жылы жұмыстарды орындау кестесіне сәйкес ЕРС-келісімшарт бойынша төлеуге көзделеді", - делінген құжатта.
NUR.KZ тілшісіне Көлік министрлігінің баспасөз қызметіндегілер бұл қаражат жоспарланып қойғанын және биыл игеріліп жатқанын нақтылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2047927-biyl-ulttyq-qordan-lrt-qurylysyna-52-mlrd-tengeden-asa-qarazat-bolingen/