Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда электр энергиясы қымбаттады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жоғары вольттық бағана
Жоғары вольттық бағана. Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда 1-қарашадан бастап электр энергиясы қымбаттады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХІ сессиясында қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин айтты, деп хабарлайды Алматы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлім еткендей, биыл 1 қарашадан бастап электр энергиясының тарифі:

  • заңды тұлғалар үшін 1,2 пайызға, (0,31 теңгеге – 26,4 теңгеден 26,7 теңгеге);
  • жеке тұлғалар үшін 1 квт 7 пайызға (1,51 теңгеге – 21,6 теңгеден 23,1 теңгеге дейін) өсті.

Бұған дейін халықтың әлеуметтік осал тобы санатындағы алматылықтар үшін 0,5 АЕК өтемақыны мәслихат ағымдағы жылдың тамыз айында бекітті, өйткені шілде айында коммуналдық қызметтерге тарифтер көтерілді.

Әкімдік Telegram-дағы ресми арнасында коммуналдық тарифтердің өсуіне байланысты әлеуметтік осал азаматтарға қосымша қолдау көрсету үшін өтемақы мөлшері 2023 жылғы 1 қарашадан бастап – 0,5 АЕК-тен (1725 теңге) 0,6 АЕК-ке (2070 теңге) дейін артатын болады. Мұндай шешім Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XI сессиясында қабылданды.

Тарифтердің өсуін өтеу үшін әлеуметтік көмек азаматтардың өтініші бойынша төленеді. Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин ДРЕМ есептеулері бойынша тарифтің өсуі жеке тұлғалар үшін көрсетілетін қызметтердің құнын орта есеппен 315,6 теңгеге арттыратынын түсіндірді.

"Өтемақы мөлшерін қайта қарау тұрғын үйге әлеуметтік көмекті 345 теңгеге арттыруға мүмкіндік береді. Депутаттар әкімдіктің ұсынысын қолдады. Әлеуметтік көмек көрсету мерзімі 2024 жылғы 30 маусымға дейін ұзартылады. Бұл ретте, егер көрсетілетін қызметті алушы 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әлеуметтік көмек алушы болып табылған жағдайда, оған өтінішсіз әлеуметтік көмек тағайындалады, ал 2023 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жүгінген адамдарға әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және төленеді", - делінген әкімдік хабарламасында.

Әкімдік мәліметінше, тарифтерді көтеру қаланың коммуналдық желілерінің тозуын азайту және апаттар мен коммуналдық қызметтерді көрсетудегі үзілістер тәуекелдерін азайту үшін "Инвестицияларға айырбастау тарифі" бағдарламасын іске асыру аясында жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2048689-almatyda-elektr-energiyasy-qymbattady/