Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін тағы бірнеше адам үйлі болмақ

Жарияланған күні:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәслихаттың кезектен тыс XI сессиясында қалалық Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков 2023 жылдың соңына дейін жастарға "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша қанша ипотекалық несие берілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәслихаттың кезектен тыс XI сессиясында биыл жыл соңына дейін "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша жастарға 55 ипотекалық несие берілетінін айтты.

Оның сөзіне сенсек, тұрғын үй бағдарламасын қолдау Алматы әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен жалғасып келе жатыр.

"Бюджеттен қосымша 965 млн теңге бөлінеді. Бұл әлеуметтік, құқық қорғау, коммуналдық және басқа да салаларда еңбек ететін жас азаматтар үшін қосымша 55 ипотекалық қарыз беруге мүмкіндік береді", - деді Қанат Сухамбеков.

Сондай-ақ ол 2023 жылы "Алматы жастары" жеңілдетілген тұрғын үй несиелеу бағдарламасына қатысуға 11 104 адам өтініш бергенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2048697-almaty-zastary-bagdarlamasy-boiynsa-zyl-sonyna-deiin-tagy-birnese-adam-uili-bolmaq/