Қарызы бар қазақстандықтарға жаңа несие алуға тыйым салынуы мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русскомОрталық коммуникациялар қызметінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов халық арасындағы қарыз деңгейін төмендету үшін заңға түзетулер енгізілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Олжас Қизатов бүгінде 1,5 миллионға жуық қазақстандықтың банктер мен микроқаржы ұйымдарынан 90 күннен астам уақыт бойы төленбеген несиелері бар екенін айтты.
"Болашақта жаңа несие алушылар қаржылық қиындықтарға тап болмау үшін бірқатар өзгеріс енгізгіміз келеді. Яғни, қарыз алушының басқа банктен немесе микроқаржы ұйымынан алған мерзімі өткен несиесі болса, жаңа несие алуға заң жүзінде тыйым салғымыз келеді. Алдымен жабылмаған несиесін жабуы керек болады", - деді спикер.
Сондай-ақ ведомство өкілдері тұтынушылық несиенің мөлшерін шектеуді ұсынып отыр.
"Мұндай несиелер көбінесе 100 млн теңгеден асатын сомада берілетінін біліп отырмыз. Кейде мұндай несие алу мөлшері 1 миллиард теңгеге дейін жетеді. Бұл кәсіпкерлік мақсатқа алынған несие болуы мүмкін.
Халықтың қарызын көбейтпеу үшін тұтынушылық несиенің жоғары шегін шектегіміз келеді. Біз қазір банк қауымдастығымен бірлесе отырып лимит туралы да пысықтап жатырмыз", - деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2048727-qaryzy-bar-qazaqstandyqtarga-zana-nesie-aluga-tyiym-salynuy-mumkin/