Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мерзімінен бұрын зейнетақы рәсімдеу оңай бола түсті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Мұғалім зейнетақысы
Фото: pixabay.com

Қазақстанда зейнетақы аннуитетін тіркеу жеңілдеді. Енді сақтандыру компаниясына хабарлассаңыз жеткілікті. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстандықтардың жинақталған зейнетақы қаражатын тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге ақы төлеуге ғана емес, сонымен қатар, өмірді сақтандыру компаниясынан (ЖСК) төлемдерді сегіз жыл бұрын алуға мүмкіндік беретін зейнетақы аннуитетіне жүгіну мүмкіндігі бар.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы аннуитеті шарттары (бұдан әрі – ЗАШ) бойынша зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына аудару рәсімін оңтайландыруды көздейтін Әлеуметтік кодекс пен № 44 Қағидасының ережелері қолданысқа енгізіледі.

Заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар салымшыларға (алушыларға) 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін сақтандыру ұйымдарына аудару бойынша өтінішпен бірден өзі таңдап алған сақтандыру ұйымына жүгінуге мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, енді салымшыларға зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы өтінішпен БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы аннуитетін тіркеу процесі былай жүзеге асады:

  • Сақтандыру ұйымдары "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ (МКБ) бекіткен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректерді операторы МКБ болып саналатын бірыңғай сақтандыру дерекқоры (БСДҚ) арқылы береді.
  • МКБ БЖЗҚ-мен жасалған тиісті келісім негізінде қорға сақтандыру ұйымдарынан алынған, бекітілген ЗАШ туралы мәліметтерді береді. Бекітілген ЗАШ бойынша деректерді МКБ арқылы алмасу тәртібі мен мерзімдері № 44 қағидасы бойынша реттеледі.
  • БЖЗҚ № 44 қағидасына сәйкес, МКБ-дан мәліметтер алған кезде сақтанушылар (сақтандыру ұйымымен ЗАШ жасасқан тұлғалар) туралы деректерді өзінің ақпараттық жүйесінде және басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі деректермен салыстырып тексеруді жүзеге асырады. Олар сәйкес келген жағдайда, МКБ-дан бекітілген ЗАШ туралы мәліметтерді алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аударады.
  • Сақтандыру ұйымы БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде сақтанушыны сомасын көрсете отырып, қаржы түскені және ЗАШ күшіне енгені туралы хабардар етеді.

Осылайша, Қазақстанда зейнетақы аннуитетін тіркеу процесі біршама жеңілдеді.

Оның БЖЗҚ-дан алатын зейнетақыдан артықшылығы да, кемшілігі де бар. Мәселен, сақтандыру ұйымының ақшасы өмір бойы, ал жинақталған қаражат таусылғанша зейнетақы қорынан төленетін болады. Бұл ретте БЖЗҚ-дағы ақшаны мемлекет инфляциядан қорғайды, бірақ "сақтандырушыға" аударылған ақша қорғалмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2048989-qazaqstanda-merziminen-buryn-zeinetaqy-rasimdeu-onai-bola-tusti/