Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері қанша
Жарияланған күні:
Читать на русском2023 жылы Қазақстанда мемлекеттік зейнетақының орташа мөлшері 120 838 теңгені құрады. Бұған негізгі және ынтымақты зейнетақы мөлшері де кірді. Орташа зейнетақы мөлшерін есептеуге қандай факторлар әсер еткені туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтындағы мәліметке сай, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 млн 328 мың зейнеткер бар. Барлығы зейнетақы алуға құқылы.
2023 жылы қазақстандықтардың орташа жалпы зейнетақысы 120 838 теңгені құрады:
- оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 950 теңге,
- базалық зейнетақы – 37 888 теңге.
Мемлекеттік базалық зейнетақы әрбір зейнеткерге оның зейнетақы жүйесіндегі өтілі ескеріліп, жеке тағайындалады.
Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызға тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 80 пайызын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 100 пайыз белгіленеді.
Ведомство мәліметінше, өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.
"Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 трлн 33,7 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 930,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 трлн 103,1 млрд теңге қарастырылды", - делінген министрлік мәлімдемесінде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2050590-qazaqstanda-2023-zyly-ortasa-zeinetaqy-molseri-qansa-boldy/