Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы министрі қандай мобильді аударымдарға салық салынатынын айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Телефон ұстап отырған әйел
Телефон ұстап отырған әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжіліс кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың мобильді аударымдарына қандай жағдайда салық салынатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерұлан Жамаубаев қазір банктерде пилоттық жоба сынақтан өтіп жатқанын мәлімдеді.

"Үш айдың ішінде бір картаға 100 аударым критерийін белгіледік. Қадағалаймыз. Бұл шартты критерий. Мұны да реттеуге болады.

Заң былтыр қабылданған болатын. Заң кәсіпкерлік қызмет сипатындағы мобильді аударымдарға салық салуды қамтамасыз етуге бағытталған", - деді ол.

Оның айтуынша, тұрғындарға алаңдаудың қажеті жоқ.

"Егер бұл туыстар мен әріптестер арасындағы қарапайым аударымдар болса, онда олардың кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ екені, салық салынбайтыны анық. Басты мақсат – жиі жасалатын аударымдарды фискализациялау.

Кәсіпкерлер аударым үшін арнайы карта ашып, қалағанынша аударым қабылдаса болады. Ең бастысы, кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түріне тіркеліп, салық төлеуі керек. "Көлеңкелі бизнеспен" айналысатындарды анықтап жатырмыз, - деді қаржы министрі.

Сондай-ақ министр қазақстандықтардың картасына сыйлық ретінде жіберілетін төлемдер туралы да айтты.

"Мұндай жағдайда салық салынбайды, өйткені бұл бірреттік төлемдер екенін білеміз. Бұл - кәсібі немесе дүкені бар адамдардарға тексеру. Мысалы, егер адам таксист болып жұмыс істесе немесе базарда көкөністер мен жемістерді сататын болса... Бұлар бизнеспен тікелей айналысатын адамдар болып саналады", - деді Жамаубаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2050624-qarzy-ministri-qandai-mobildi-audarymdarga-salyq-salynatynyn-aitty/