Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңа жылдан бастап ескі айыппұлдардың мөлшері өсе ме

Жарияланған күні:

Читать на русском
Полицейлердің патрульдік көлігі
Полицейлердің патрульдік көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

1 қаңтардан бастап АЕК көлемі өседі. Осыған байланысты әкімшілік айыппұл мөлшері де артуы мүмкін. Биылғы айыппұлдарды төлемегендер келесі жылы артық айыппұл төлеп, шығынға батуы мүмкін бе? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 44-бабы бойынша, әкімшілік айыппұл – әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны үшін қарастырылған шара.

Оның мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) белгілі бір көлеміне байланысты өзгеруі мүмкін, 2023 жылы бұл көрсеткіш 3450 теңгеге тең. Жеке тұлға үшін ең жоғары әкімшілік айыппұл 200 АЕК-тен аспауы керек (2023 жылы – 690 000 теңге, ал 2024 жылы – 738 400 теңге).

Алайда 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшері 3692 теңгеге дейін өседі. Сондықтан қазақстандықтар бұрыннан жиналып қалған айыппұлдың мөлшері де өсуі мүмкін деген пікірде болуы ғажап емес.

Яғни кей қазақстандықтар 2023 жылы салынған әкімшілік айыппұл 2024 жылғы АЕК көрсеткіштеріне сәйкес төленуге тиіс деген ойда болуы мүмкін.

Ескі айыппұл қай жылғы АЕК көрсеткішіне сай төленуі керек

Жоғарыда аталған ӘҚБтК бабына сәйкес, айыппұл мөлшері әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде қолданыста болған заңға байланысты белгіленген АЕК бойынша ғана салынады.

Яғни егер айыппұл 2023 жылы 31 желтоқсанда түссе, онда ол сол жылғы АЕК көрсеткішіне сай (3 450 теңге) мөлшерде төленуі керек. Дегенмен ескі айыппұлдар мөлшері артпайды екен деп оларды өтеуді кейінге қалдырмаған абзал.

Айта кетейік, Жаңа жыл мерекесінде де заңбұзушылық анықталған жағдайда қазақстандықтарға айыппұл салынуы мүмкін.

Заңбұзушылық үшін салынған айыппұлды қашан төлеу керек

ӘҚБтК-нің 893-бабы бойынша, кез келген әкімшілік айыппұл салынған жағдайда қазақстандықтар оны 30 күн ішінде өз еркімен төлеуге құқылы. Осы орайда айыппұлды төлеу мерзімі оның салынғаны туралы өкім мен айыппұлды төлеу қажеттігі жайлы бұйрық заңды күшіне енген бойда басталады.

Әдетте айыппұл төлеу туралы бұйрық құқық бұзушының тіркелген мекенжайына басып шығарылған құжат күйінде келеді, бірақ бұйрық аталған құжат келіп түскен күннен емес, әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген уақыттан бастап күшіне енеді.

Егер құқық бұзушы айыппұлды өтеу мерзімін кешіктірсе, оған салынған айыппұлды төлеуге міндеттеу бойынша шаралар қолданылады:

  • сот ісі қозғалып, ол жеке сот орындаушыларына беріледі;
  • мүлікке шектеу қойылады;
  • айыппұл мөлшерін өтеу мақсатында белгілі бір сома жалақыдан, зейнетақыдан, шәкіртақыдан және т.б. табыс көзінен ұсталынады.

Яғни биыл 31 желтоқсанда сізге айыппұл салынса, оны 2023 жылғы АЕК көрсеткішіне сәйкес (3450 теңге) төлеу қажет. Ал егер әкімшілік айыппұл 1 қаңтардан кейін салынса, онда оны 2024 жылғы АЕК көрсеткіші бойынша (3 692 теңге) өтеу керек.

Осы орайда айта кетейік, айыппұл төлеу жайлы түбіртек берілгеннен кейін оны бір ай ішінде өтеп тастаған жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2051385-qazaqstanda-zana-zyldan-bastap-eski-aiyppuldardyn-molseri-ose-me/