Jusan банктер арасында ESG-қорытынды есебі рейтингінде көш бастады
Жарияланған күні:
Jusan Bank PwC Kazakhstan құрастырған ESG-қорытынды есебі бойынша елдің 50 үздік компаниясының рейтингінде Қазақстан банктері арасында ең жоғары орынға ие болды.
Рейтингті құру кезінде сарапшылар 2022 жылға арналған жұмыс нәтижелері бойынша компаниялар дайындаған жылдық есептер мен тұрақтылық есептерін талдады. Қорытынды рейтингте Jusan Bank 13-орынға ие болды. Бұл қаржы секторындағы компаниялар арасында ең үздік көрсеткіш болып саналады.
Jusan Bank-тің 2022 жылға арналған тұрақты даму есебі банк тарихындағы екінші қорытынды есебі. Онда қаржылық институттың әлеуметтік жауапкершілігі мен тұрақты даму саласындағы қызметінің қағидаттары, банк орналасқан аймақтардағы экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салаларға әсері туралы ақпарат бар. Атап айтқанда, қорытынды есеп парниктік газдар бөлінуін азайту, ресурстарды жауапкершілікпен тұтыну, сондай-ақ несие портфеліндегі қоршаған ортаға теріс әсер ететін жобалардың үлесін азайту бойынша банктің жетістіктерін көрсетеді.
«Jusan Bank Қазақстандағы қаржы институттары арасында ESG-қорытынды есебі бойынша көшбасшы ретінде танылуы банкте жүргізіліп жатқан ауқымды және дәйекті жұмыстың көрінісі екені анық. Біз әлеуметтік жауапты компания ретінде қоршаған ортаға және де жалпы қоғамға тікелей, жанама әсерді есепке алмай, өз бизнесімізді дамыта алмаймыз. Сондықтан банк ESG трансформациясын жалғастырып, өз қызметінде экологиялық, әлеуметтік және басқару факторларын есепке алуды көздеп отыр», - деді «Jusan Bank» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы, Ғалымжан Есенов.
Қазақстанның тұрақты даму қағидаттары бойынша жұмыс істеуге көшудегі алғашқылардың бірі ретінде Jusan Bank осы көшбасшылықты климаттық стратегияны қабылдау арқылы шоғырландыруды көздеп отыр. Ол банктің бизнес-моделінің салдарына тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған климаттық өзгеріс.
«Биыл біз қазақстандық компаниялардың ESG-қортыныды есебінің деңгейін бағалауға қойылатын талаптарды айтарлықтай арттырдық. Менеджмент пен стратегияның тәсілдеріне көбірек көңіл бөлдік, салалық көрсеткіштерді қостық. Дегенмен, қазақстандық қаржылық емес есептіліктің дамуы тұтастай алғанда біз енгізген осы халықаралық трендтерге ілесіп келе жатқанын көріп отырмыз. Ал компаниялардың көбісі тіпті жоғарылаған бағалау критерийлеріне төтеп бере алады деп айта аламыз. Біздің ойымызша, бұл Қазақстандағы тұрақты даму саласындағы көшбасшылардың дамып келе жатқанын, тұрақтылық күн тәртібін қадағалап отырғанын, сондай-ақ осы инновацияларды өздерінің ESG саласына енгізу үшін табысты жұмыс істеп жатқанын көрсетеді», - делінген PwC Kazakhstan есебінде.
*Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2051873-jusan-bankter-arasynda-esg-qorytyndy-esebi-reitinginde-kos-bastady/