Сарапшылар 2024 жылы әлем бойынша инфляция деңгейі қандай болатынын айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомСарапшылар 2024 жылы әлемнің басым бөлігінде инфляция деңгейі бұрынғы көрсеткішіне жетіп, тұрақтауы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Дереккөзге сүйенсек, әлем бойынша инфляция деңгейі сарапшылардың болжамынан қарағанда әлдеқайда жылдам төмендей бастады. Егер инфляция төмендеуін жалғастыра берсе, соңғы үш жылдың ішінде оның деңгейі алғаш рет әлемнің басым бөлігінде бұрынғы көрсеткіштеріне түсіп, тұрақтауы мүмкін.
Goldman Sachs экономистерінің ақпараты бойынша, АҚШ, Еуропа және кейбір дамыған елдерде негізгі инфляция деңгейі (азық-түлік пен энергия бағасын қоспағанда) қыркүйек пен қараша аралығында 2,2 пайызға жетті. Бұл елдерде COVID-19 пандемиясы кезінде инфляция деңгейі жоғарылап, рекордтық көрсеткішке жеткені байқалған болатын.
Сарапшылар бұл топтағы орташа инфляция 2024 жылдың соңына қарай мақсатты көрсеткішке жақындауы керек екенін айтады. Бұл үй шаруашылықтарының сатып алу қабілетінің артуына және орталық банктердің пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі пайда болуына байланысты болады.
Oxford Economics аға кеңесшісі Майкл Сондерс келер жылдың төртінші тоқсанында еуроаймақтағы инфляция көрсеткіші – 1,3 пайызға, Ұлыбританияда – 2,7 пайызға жетеді деп болжайды. Бұл ретте АҚШ-та инфляция – 2,2 пайызға дейін төмендейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2052459-sarapsylar-2024-zyly-alem-boiynsa-inflyaciya-dengeii-qandai-bolatynyn-aitty/