Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халыққа 100 мың теңгеден берілетіні рас па: Қаржы министрлігінің өкілдері жауап берді

Жарияланған күні:

10 мың теңегелік купюралар және 100 АҚШ доллары
Купюралар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

WhatsApp желісінде тағы бір жалған хабарлама тарады. Хабарламада төлемдер туралы жаңа қаулы шыққаны, ол бойынша Қазақстанның әр азаматына жүз мың теңгеден бастап төлем төленетіні жазылып, Қаржы министрлігінің сайты делінетін жалған сайтқа сілтеме берілген. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Stopfak.kz сайты.

Stopfak.kz сайты өкілдері жолдаған сауалнамада Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі желіде тараған хабарламаны жоққа шығарған.

"Хабарламада көрсетілген мәліметтер шындыққа жанаспайды, ал тіркелген сілтеме Қаржы министрлігінің атынан ашылған жалған сайтқа апарады. Ведомство өкілдері барлық ресми ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми порталында орналастырылатынын атап өтті", – деп жазады басылым.

Сондай-ақ сайт мамандары ресми дереккөздерде және БАҚ-та мұндай ақпарат жоқ екенін алға тартады.

"Еске салайық, ақшаңыздан айырылып қалмау және киберқылмыскерлердің құрбаны болмау үшін күмәнді сілтемелерге баспаңыз және үшінші тарап ресурстарында жеке және банктік деректерді қалдырмаңыз. Тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне ғана сеніңіз", – дейді фейктерді әшкерелейтін сайт өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін де полицейлер қазақстандықтарға алаяқтардың айла-шарғысы туралы ескерткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2054415-xalyqqa-100-myn-tengeden-beriletini-ras-pa-qarzy-ministrliginin-okilderi-zauap-berdi/