Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар көлік салығын қашанға дейін төлеуге тиіс

Жарияланған күні:

Автокөлік тұрағы
Автокөлік тұрағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары автокөлік иелерін жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі жақындағанын ескертті. Бұл туралы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, жеке тұлғалардың 2023 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2024 жылдың 1 сәуірінде аяқталады. 2023 жылғы салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3 450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қолданылады.

Мамандар көлік салығын есептеу жолын да түсіндірді.

"Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталындағы және e-Salyq Azamat мобильді қолданбасындағы салық калькуляторының көмегімен дербес есептеуге болады. Есептік сальдоны анықтау үшін салық органдары жыл сайын жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты тиісті жылға есептейді", - делінген хабарламада.

Есептелген салық сомалары бойынша ақпарат 2024 жылғы наурызда екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберілетіні хабарланды.

Сондай-ақ салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz web-порталдағы "Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер" сервисінде, сондай-ақ Kaspi.kz және "Халық банкі" АҚ мен e-Salyq Azamat мобильді қолданбасында болады екен. Осы мобильді қолданбалардың кез келген қолданушысы 2023 жылға есептелген көлік салығын көре алады.

"Жеке тұлғалар салықтарды басқа жолдармен де: екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінде қолма-қол ақша қаражаттарымен немесе төлем терминалдарында, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлей алады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2054789-qazaqstandyqtar-kolik-salygyn-qasanga-deiin-toleuge-tiis/