Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді Қазақстанда оң рульді шетелдік көліктерді арзан бағамен сатып алу қиындай түсті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Оң рульді автокөлік
Оң рульді автокөлік. Көрнекі фото: pixabay.com

16 қаңтардан бастап Қазақстанда бөлшектелген оң рульді көліктерді әкелуге уақытша тыйым салынды. Осылайша жүргізушілер арзан бағамен шетелдік көліктерді сатып алу мүмкіндігінен айырылады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Автокөліктер бағасы жоғарылауына байланысты кез келген қазақстандық салонның өзінен жаңа көлік сатып ала алмайды. Сондықтан кейбір азаматтар түрлі амалдар тауып, шетелден әлдеқайда арзан бағаға көлік сатып алатын.

Бүгінгі таңға дейін мұндай "амалдардың" бірі – оң рульді көліктердің импорты болған еді. Қазақстан заңына сәйкес, мұндай көліктерді елге әкелуге болмайды, бірақ бұл тыйым бөлшектелген көліктерге жүрмейтін.

Осылайша кейбір азаматтар Қазақстанға оң рульді шетелдік көліктердің жаңа шанақтарын кіргізіп, ескі көліктерінде тұрған бөлшегін ауыстырып, арзан бағамен көліктерін жаңартатын.

Алайда бүгінде бұлай ақша үнемдеу мүмкін емес. Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен оң рульді көліктерді бөлшектеп әкелуге уақытша тыйым салынды. Тиісті бұйрық Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі сайтында жарияланды.

"Қазақстан Республикасының аумағына бөлшектелген түрде алты ай мерзімге әкелуге тыйым салу енгізілсін", – деп жазылған министр бұйрығында.

Құжат ресми түрде 5 қаңтарда жарияланды және 10 күннен кейін күшіне енеді. Яғни Қазақстанға кез келген оң рульді көлікті әкелуге толық тыйым салу бұйрығы 2024 жылғы 16 қаңтардан бастап күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2054940-endi-qazaqstanda-on-ruldi-seteldik-kolikterdi-arzan-bagamen-satyp-alu-qiyndai-tusti/