Құнынан әлдеқайда қымбатқа сатылуы мүмкін: Қазақстан дүкендеріндегі жеңілдіктерге сенуге бола ма
Жарияланған күні:
Читать на русскомТүрлі дүкен мен супермаркеттер кейде жеңілдік науқандарын жасайды. Десе де тұтынушылар олардың ұсынысы тиімсіз болуы, тіпті кейде артық шығынға әкеп соқтыруы мүмкін екенін есте сақтаған абзал. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Жеңілдік – сатып алушы үшін төмендетілген бағамен ұсынылған тауарлар. Жаңа сатып алушыларды тарту үшін, сондай-ақ қолда бар өнімдерді жылдамырақ сатып жіберу үшін дүкендер жеңілдіктер жасап отырады.
Бірақ the HODL Telegram-арнасы ұсынған ақпарат бойынша артық шығынға батпас үшін тұтынушылар жеңілдікпен тауар сатып аларда сақ болуы керек әрі үнемі жеңілдіктердің орынды екенін тексеріп, сатушылардан анықтауы қажет.
Бағаны қалай ойнатуға болады: қарапайым маркетингтік айла
Дереккөз мәліметіне сүйенсек, көбіне супермаркеттер мен азық-түлік дүкендеріндегі баға екі түрлі болады.
"Қарапайым жайтты мысалға алайық: сіз "жеңілдікпен" сатылып жатқан тауардың бағасы сізге тиімді болып көрініп, оны сатып алдыңыз делік.
Бірақ артынша тауар бағасы басқа болып шығады: жеңілдік аяқталып кеткен, ал оның аяқталатын күні баға белгісінің бір бұрышында кішкентай шрифтпен жазылған әрі көрінбей тұрған. Дүкеннің кінәсі жоқ, сіз артық шығынға қалдыңыз", – деп жазады дереккөзде.
Мұндай жайт кез келген өнім түріне, оның ішінде салмақпен өлшеніп, сатылатын тауарларға да қатысты болуы мүмкін. Сондықтан супермаркеттердегі баға белгілерін мұқият тексерген абзал.
Кейін тіпті төлеу кезінде шыққан сомамен салыстыру мақсатында баға белгілерін фотоға түсіруге болады. Осы орайда егер кассадағы баға көрсеткіші жеңілдікте көрсетілген бағадан өзгеше болса, онда тұтынушы сатып алушыдан тауарды баға белгісінде көрсетілген құны бойынша сатуды талап ете алады.
Өзге де айлалар
"Жеңілдік" деген жазуы бар әдемі қаптамадағы тауарлар да маркетологтар жиі қолданатын айлалардың бірі. кезіккен жағдайда артық шығындалуы мүмкін. Бұл айлалар да сатып алушыны артық шығынға батыруы бек мүмкін.
"Мысалы, сатылымда шай бар делік: бір қорапта скотчпен біріктірілген 250 граммдық екі шай қаптамасы тұр, енді санап көрейік: мұндай қораптың біреуі – 1299 теңге, ал екеуі жеңілдікпен – 2599 теңге тұрады.
Супер жеңілдік, сөз жоқ. Әсіресе, жаңағы қораптардың жанында жеңілдіксіз 2 469 теңгеге сатылып тұрған 500 граммдық шай қорабы тұрса, сұрақ туындайды", – делінген HODL арнасындағы ақпаратта.
Яғни тұтынушы жеңілдікпен шай қораптарын сатып алар болса, тағы да үстіне артық 130 теңге төлер еді. Бірақ кейде баға айырмашылығы одан да жоғары болуы мүмкін.
Сондықтан азық-түлік сатып алмас бұрын, әсіресе мерекелер мен түрлі жеңілдік кезінде мынадай ережелерді есте сақтаған жөн:
- баға белгілерін тексеру керек – әдетте тауарлар құнын сауда залындағы арнайы құрылғылар арқылы тексеруге болады;
- есеп жүргізіп отырыңыз – мысалға келтірілген жайттарға сүйенсек, кейде жеңілдіктер мүлдем тиімсіз болуы мүмкін;
- баға белгілерін фотоға түсіріп жүрген дұрыс – тауарда басқа баға да көрсетілгенін дәлелдеу үшін оны смартфонда сақтап қоюға болады;
- түбіртектерді тексеріп жүріңіз – тауар сатып алу кезінде оның құны артық төленгенін немесе сіз сатып алмаған өнімдер бағасы қосылып кетпегеніне көз жеткізген абзал.
Бұл шаралар супермаркеттер мен ірі дүкендерде, сауда орталықтарында азық-түлік сатып алу кезінде артық шығындардан сақтануға көмектеседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2055166-qunynan-aldeqaida-qymbatqa-satyluy-mumkin-qazaqstan-dukenderindegi-zenildikterge-senuge-bola-ma/