Еңбек демалысына байланысты МӘМС-тегі мәртебе жоғалған жағдайда не істеу керек
Жарияланған күні:
Читать на русскомКей қазақстандықтар ұзақ мерзімді еңбек демалысынан кейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін медициналық қызмет алу мүмкіндігінен айырылып қалып жатыр. Бұл мәселені шешудің жолы қандай? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Қызметкердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі жоғалмауы үшін жұмыс беруші ай сайын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен төлемдер жасауға тиіс. Ал төлемдер арасындағы интервал ұзаққа созылып кетсе, азаматтың "сақтандырылған" мәртебесі жойылады.
Дегенмен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) ақпараты бойынша, бүгінде жүйеде ақау туындағаны салдарынан жұмыс істейтін азаматтар да мәртебесінен айырылып жатыр. Мысалы, егер адам ұзақ мерзімді еңбек демалысына кетсе, айырылып қалуы мүмкін.
"Егер қызметкердің ақылы еңбек демалысы бір айдан астам уақытқа созылса, оның табысын есептеген кезде медициналық сақтандыру төлемі еңбек демалысының әр айына бөлінуі керек –бұл міндетті ай сайынғы аударымдарда бос орындар қалып қоймауы үшін әрі тиісінше қызметкер өзінің "сақтандырылған" мәртебесін сақтап қалуы үшін қажет", – деді ӘМСҚ өкілдері.
Алайда экономиканың кейбір салаларында медициналық сақтандыру бойынша төлемдер ай сайынға бөлінбеуі мүмкін, осылайша еңбек демалысына шыққан қызметкер тегін медициналық қызмет алғысы келген кезде өзінің "сақтандырылған" мәртебесін жоғалтқанын анықтауы ықтимал.
Бұл – жүйелі сипатқа ие проблема, өйткені қандай да бір ай үшін әлеуметтік аударымдар жасалмай, зейнетақы жарналары төленбесе, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) әрі Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) төлемдерінің мөлшеріне де әсер етуі мүмкін.
Көбіне аталған проблема мұғалімдерде, тау-кен, вахталық жұмысшыларда туындап жатады.
Жүйедегі түйткілді шешу үшін қор МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдар жасау ережелеріне мынадай өзгертулер енгізу ұсынылды:
"Ақылы еңбек демалысындағы кірістерді есептеу кезінде аударымдар мен жарналар демалыс күндерінің санына пропорционалды түрде есептеліп, еңбек демалысының әр кезеңі үшін бөлек аударылады".
Осылайша қазақстандықтар ұзақ еңбек демалысынан кейін кенет медициналық сақтандырудан айырылып қалмауға тиіс. Дегенмен әзірге ӘМСҚ ұсынысы қабылданған жоқ – ол уәкілетті орталық мемлекеттік органдардың қарауында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2055505-enbek-demalysyna-bailanysty-mams-tegi-martebe-zogalgan-zagdaida-ne-isteu-kerek/