Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"200 млн теңгеден астам салық төледі": қаржы министрі елімізде қанша блогер тіркелгенін айтты

Жарияланған күні:

ақша есептеп отырған адам
Ақша есептеп отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Былтыр елімізде тіркелген 400-ден астам блогер мемлекетке 200 млн теңгеден астам салық төлеген. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ министрдің берген сұхбатына сілтеме жасап.

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қаңтардан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың жаңа кезеңі басталды. Енді заңды тұлғалар, кәсіпкерлер және олардың жұбайлары кірістері туралы деректерді тапсыруға міндеттеледі.

Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сұхбатында қаржы секторындағы өзекті мәселелері туралы айтты. Оның сөзінше, бұл өзгерістер тәуелсіз журналистикаға тұсау болмайды.

"Егер олардың қызметі кәсіпкерлікпен байланысты болса, олар салық төлеуге тиіс. Оған арнайы салық режимдері бар. 1 пайыздан 4 пайызға дейінгі жүктеме. Олардың жұмысы тікелей кәсіпкерлікпен байланысты болмаса, сұрақтар туындамайды. Салық төлемейді", - деп жауап берді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2055548-200-mln-tengeden-astam-salyq-toledi-qarzy-ministri-elimizde-qansa-bloger-tirkelgenin-aitty/