Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар қаншалықты жиі автонесие рәсімдейді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Көлік кілті
Көлік кілті. Көрнекі фото: pixabay.com

2023 жылы Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өткен автокөліктер саны айтарлықтай өскен. Бұл ретте азаматтардың шамамен үштен бір бөлігі автокөлікті несиеге алғаны анықталды. Былтыр қазақстандықтарға автокөлік несиелері қандай шарттармен берілді? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сүйенсек, 2023 жылғы қарашаның аяғында елімізде тіркелген автокөліктер саны 5,26 миллионнан асты, оның 88 пайызы жеңіл көліктер. Ең қызығы, тіркеуден өткен көліктер саны бір жылдың ішінде 1,5 есеге артқан.

Айта кетейік, елдегі көлік бағасына қарамастан, көптеген қазақстандық 2023 жылы автокөлік несиесіне жүгінбеген.

Freedom Finance Global сарапшысы Аңсар Әбуев автокөлік нарығын зерттеу мақсатында сауалнама жүргізген. Оған Қазақстанның барлық аймағынан 1021 адам қатысқан. Аңсар Әбуевтің айтуынша, көлік иелерінің басым бөлігі (67,8%) көліктің толық құнын өтеп, бірден сатып алған. Ал 29,7 пайызы автокөлік алу үшін несие рәсімдеген.

Айта кетерлігі, азаматтарды несие алуға тек табысы емес, сатып алушының жасы да әсер еткен.

"Респондент жасы үлкен не табысы жоғары болған жағдайда көбіне көліктің толық құнын өтеп, сатып алған. Ал сауалнамаға қатысушы жас болса немесе табысы аз болса, онда ол жиі несие рәсімдеген", – деді сарапшы Аңсар Абуев.

Автонесиелер қандай шарттармен рәсімделген

Несие алған қазақстандықтардың басым бөлігі оны бастапқы жарнасыз (26,7 пайыз) рәсімдеген. Сауалнамаға қатысқандардың үштен бір бөлігінде бастапқы жарна мөлшері автокөлік құнының шамамен 20 пайызынан кем болған, ал әрбір оныншы сатып алушы бастапқы жарна төлеу кезінде автокөлік бағасының жартысынан көбін өтеген. Дереккөз мәліметі бойынша, респондерттің арасында әйелдерге (6,1 пайыз) қарағанда ерлер (14,6 пайыз) көп болған.

Пайыздық мөлшерлемеге келсек, қарыз алушылардың 39,7 пайызы үшін бұл көрсеткіш 11 пайыздан 20 пайызға дейін болған. Яғни олар жеңілдетілген несие алмай, нарық ережесі бойынша кәдімгі автонесие рәсімдеген.

Қарыз алушылардың 26,7 пайызы жоғары мөлшерлемеге ие болды – 21 пайыздан 30 пайызға дейін, кредит алушылардың шамамен 10,7 пайызы 50 пайызға дейінгі мөлшерлемемен несие рәсімдеген. Сауалнамаға қатысқандардың 10,3 пайызы 5 пайызға дейінгі ең төменгі мөлшерлемемен автонесие алған, сондай-ақ, респонденттердің шамамен 10 пайызы 10 пайыз мөлшерлемемен несие рәсімдеді.

Несие алушылардың басым бөлігі 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге автокөлік несиесін алған (респонденттердің 37 пайызы). Бір қызығы, бұл мерзімге автокөлік несиесін көбіне бала-шағалы отбасылар алғаны анықталды.

Сауалнамаға қатысқандардың 31,4 пайызы 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге, 23,8 пайызы 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге несие алған. Респонденттердің 5,6 пайызы болса небәрі 1 жылға дейінгі мерзімге автонесие рәсімдеген.

Респонденттердің (54,2 пайыз) жартысынан көбісі несиесін уақытылы немесе мерзімінен бұрын өтеп тастаған, тағы 2,6 пайызы төлем мерзімін кем дегенде бір рет кешіктірген. Қазіргі таңда несиесін өтеп жүрген қазақстандықтар саны – 34,6 пайыз, олар кредитін уақытылы жабуды жоспарлап жатыр, ал қарыз алушылардың 16,2 пайызы қарызын мерзімінен бұрын өтеуді жоспарлап жүр.

Несие алушылардың 47,7 пайызы автокөлік несиесін өтеу кезінде қиындықтарға тап болған, ал респонденттердің 24,6 пайызы несиені өтеу үшін ақша жинауға мәжбүр болыпты. 15,4 пайызы қарызды өтеу үшін толық емес жұмыс күні қарастырылған ұйымдарда қызмет етуге мәжбүр. Ал респонденттердің 5,4 пайызы төлем мерзімін кешіктіріп, берешегі өтемей жүр.

Осылайша Қазақстандағы автокөлік нарығы 2023 жылы белсенді дамыған, бірақ көптеген қазақстандық ескі, пайдаланылған көліктерді сатып алуды жөн көріпті.

Дереккөз мәліметі бойынша, мұндай тұжырымды тек жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен (5 пайыздан төмен) автонесие алған қазақстандықтар санының төмендігінен емес, сонымен қатар 10 жылдан асқан автокөліктер үлесінің артқанына сүйене отырып жасауға болады. Data Hub Telegram-арнасы сарапшыларының дерегіне сүйенсек, бұл көрсеткіш қаңтардан қарашаға дейін 1 миллионға, яғни бірден 70 пайызға артқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2055886-qazaqstandyqtar-qansalyqty-zii-avtonesie-rasimdeidi/