Қазақстандағы ең бай зейнеткер ай сайын қандай көлемдегі зейнетақы алады
Жарияланған күні:
Қазақстанда ең бай зейнеткер 742 692 теңге сомасында зейнетақы алады. Бұл туралы БЖЗҚ есебінен белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
БЖЗҚ 2024 жылғы 1 қаңтардағы негізгі көрсеткіштерді атады.
Сол мәліметке қарағанда, 2024 жылғы 1 қаңтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 17,9 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасқан. 2023 жылы жинақ сомасы 3,2 трлн теңгеге немесе 21,8 пайызға ұлғайған.
Қор өкілдерінің мәліметінше, зейнет жасына толуға байланысты БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы - 32 202 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы - 742 692 теңге.
Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы - 29 973 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңге болған.
"Зейнетақы жинақтарының басым сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасып, 17,3 трлн теңгеге жетті (2023 жылғы өсім - 21,6 пайыз). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы - 568,5 млрд теңге (2023 жылғы өсім - 27,6 пайыз), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 5,3 млрд теңге (2023 жылғы өсім - 48,3 пайыз) болды.
2023 жылы салымшылардың шоттарына шамамен 2,2 трлн теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті. Ол өткен жылғы көрсеткіштен 434,6 млрд теңгеге немесе 25,2 пайызға артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95,5 пайыз мөлшерін БЖЗҚ-ға МЗЖ есебінен түсетін түсімдер құрайды. Олардың мөлшері – 2,1 трлн теңге (бір жылдағы өсім - 25,3 пайыз). МКЗЖ есебінен 95,5 млрд теңгеден астам қаражат түсті (бір жылдағы өсім - 24 пайыз). ЕЗЖ көлемі 2,3 млрд теңге", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2057469-qazaqstandagy-en-bai-adamnyn-zeinetaqysy-qansa/