Қазір Қазақстанда доллар сатып алу тиімді ме
Жарияланған күні:
Читать на русскомАҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы айтарлықтай төмендеген. Сондықтан қазақстандықтар барлық ақшасын долларға айырбастағысы келуі мүмкін. Алайда бұл шешім тиімсіз болуы ықтимал. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Қазақстанда жылдық көрсеткіштер бойынша жеке тұлғалар арасында АҚШ долларына деген сұраныс кейінгі екі жылда төмендеп келеді. Ұлттық банк ақпаратына сүйенсек, жалпы сатып алынған валюта мөлшері 3,9 млрд АҚШ долларға жеткен.
Дегенмен 2023 жылғы қараша-желтоқсандағы деректерге сәйкес, өткен айларда сұраныс артып, кейінгі екі жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, ең жоғары деңгейге жеткені белгілі болды. Мәселен, қарашада қазақстандықтар 506 млн доллар, ал желтоқсанда 520 млн доллар сатып алды.
KASE мәліметіне сүйенсек, бұған өткен жылдың екінші жартысындаңы теңгенің нығаюы мен маусымдық сұраныстың болуы себеп. Мысалы, қазаннан желтоқсанға дейін доллар 4 пайызға арзандап, жыл соңында бұл көрсеткіш 456,16 теңгеге тең болған (күздің басында ол шамамен 480 теңге болған еді).
Доллар одан әрі құлдырауы мүмкін бе
Бұған дейін экономистер Қазақстанда АҚШ долларының құны 400 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін екенін болжаған болатын. Мамандар мұндай болжамға келу себептерінің бірі – жаһандық инфляция мен АҚШ Федералдық резерв жүйе (ФРЖ) мөлшерлемелерінің болжамды төмендеуі.
Алайда кейін тәуелсіз сарапшы шындыққа жақын болжамымен бөлісті. Оның пікірінше, Қазақстанның ұлттық валютасына әсер ететін барлық факторды ескерсек, АҚШ доллары ел бюджетіне енгізілген деңгей бойынша 460-470 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.
Оның үстіне 29 қарашада таңертең Қазақстанда 1 АҚШ долларының құны 450,25 теңгеге тең еді.
Осылайша қазақстандықтар барлық жинағын АҚШ долларына айырбастағысы келуі мүмкін. Дегенмен бұл шешім тиімсіз болуы ықтимал, сондықтан кейбір нюанстарды есте ұстаған жөн.
Қандай жағдайда доллар тиімсіз болуы мүмкін
Адам барлық жинағына АҚШ долларын сатып алған кезде шығынға әкелетін күтпеген жағдайлар туындауы мүмкін.
Мысалы, бірнеше күннен кейін сізге қолма-қол ақша қажет болып қалуы ықтимал, ал доллар бағамы күрт төмендеуі не сәл ғана өсуі мүмкін. Бұл жағдайда адам валютаны сатып алу-сату бойынша баға айырмасына байланысты шығынға ұшырауы мүмкін: жеке тұлға үшін валютаны сатып алу бағамы үнемі айырбастаған кездегі бағадан қарағанда әлдеқайда қымбат болады.
Ал егер адам жиналған қаражатын ұзақ уақыт бойы доллармен сақтауды ұйғарса, олар құнсыздану қаупі бар – банктер шетел валютасында сақталатын депозиттерге жылына 1 пайыз ұсынады. Бұл ең жоғары мөлшерлеме. Ал доллар бағамы бір жылда күрт өспесе, табыс таба алмай қалуыңыз мүмкін.
Бұл ретте теңгемен сақталатын депозиттер бойынша мөлшерлеме көрсеткіші әлі күнге дейін жоғары: ақшаны ең тиімді банктің депозитіне салуға болады.
Ақшаны доллармен сақтаудың дұрыс жолы қандай
Диверсификация – "сындырып алудан сақтау мақсатында барлық жұмыртқаны бір себетке салмаған абзал" деген қағида бар. Осыған байланысты барлық жинағыңызды бір жерде сақтамай, түрлі валюталарда белгілі бір мөлшерде сақтаған жөн.
Сондықтан әдетте жеке қаражатты қалауыңыз бен жеке қаржылық мақсаттарыңызға сәйкес, түрлі активке құйып, көптеген валютамен бөліп ұстаған жөн. Мысалы, жинағыңыздың 30 пайызын доллармен, ал қалғанын теңгемен, алтынмен және т.б. түрде ұстауға болады.
Бұл қазақстандықтарды валюта құбылмалылығының салдарынан сақтануға көмектеседі.
Ал доллармен сақталған жинақтың құнсыздануының алдын алу үшін ақшаны сақтау мақсатында өзге қаржы құралдарын пайдалануға болады.
Ең бастысы, қандай шешім қабылданса да, ол қазақстандықтардың қаржы жағдайына әсер ететінін есте ұстаған жөн. Сондықтан барлық қатерді ескере отырып, долларға немесе өзге валютаға инвестиция жасау қажет.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2057953-qazir-qazaqstanda-dollar-satyp-alu-tiimdi-me/