Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар жалақыдан жалақыға жете алмай, микронесие алуды жиілеткен

Жарияланған күні:

Читать на русском
Банктік карта ұстап отырған адам
Банктік карта ұстап отырған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтар жалақы түскенге дейін берілетін микронесиені жиі ала бастады. Бір жыл ішінде 13 миллионға жуық азамат жалақы түскенге дейін несие алуға өтініш берген. Несие алушылар микроқаржы ұйымдарының алдында қанша қарыз? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Онлайн микрокредит, яғни жалақы түскенге дейін алынатын шағын несие 45 күнге дейінгі мерзімге, 50 АЕК-тен аспайтын сомада (2024 жылы бұл көрсеткіш – 184 600 теңге) беріледі. Бұл несие түрін көбіне ақшасын айдың соңына дейін жеткізе алмаған қазақстандықтар қолданады.

2023 жылы онлайн микрокредит алған қарыз алушылардың саны артқан болатын. Бірінші кредиттік бюро ұсынған Data Hub Telegram-арнасындағы ақпаратқа сәйкес, берілген несиелердің жалпы саны 72,5 пайызға артып, 13 миллионға жеткен.

Берілген несиелер мөлшері де бірден 102,6 пайызға өсіп, бір жыл ішінде 790 млрд теңгеге жеткен. Қазақстандықтарға берілген онлайн микрокредиттің орташа сомасы 60,8 мың теңгеге тең, ал медиана әдісі бойынша есептелген несие мөлшері небәрі 50 мың теңге болған, яғни қолжетімді ең жоғарғы сомадан айтарлықтай аз.

Онлайн микрокредиттерді көбіне 40 жасқа дейінгі (несие алғандардың 72 пайызы) азаматтар рәсімдеген.

2023 жылдың соңында Қазақстандағы қарыз алушылардың микрокредит бойынша өтелмеген қарыздарының жалпы сомасы 18,7 пайызға өсіп, 140 млрд теңгеге жеткен.

Бұл несиелер бойынша төлемді 90 күннен аса кешіктіргендер саны (NPL90+) 16,8 пайызға тең болды, бірақ бүгінде бұл көрсеткіш бірте-бірте азайып келе жатыр.

Айта кетейік, елімізде бір жыл ішінде қарыз алушылардың саны мен алған қарыздарының жалпы сомасы ғана емес, жалақыға дейін онлайн қарыз беретін микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) саны да артқан. Мәселен, 2021 жылдың басында елімізде МҚҰ саны 44 болса, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша олардың саны 79-ға дейін артқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2057958-qazaqstandyqtar-zalaqydan-zalaqyga-zete-almai-mikronesie-aludy-ziiletken/