Қазақстандықтардың поштасына "салық органынан" хат келіп жатыр: оған сенуге бола ма
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстандықтардың электрондық поштасына салықтық заңбұзушылықтар туралы хабарландыру келіп түсе бастады. Алайда құзыретті органдар баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарып, олардың бұған еш қатысы жоғын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
2024 жылы Қазақстанда бизнесті салықтық тексерулерге байланысты мораторий аяқталды. Осылайша құзырлы органдар кәсіпкерлерді заң аясында кез келген заңбұзушылық жасаған-жасамағаны тұрғысынан тексере алады.
Бұл ретте салықтық органдар баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қазақстандықтарға жалпы тексерулерден қорқудың қажеті жоқ.
Алайда Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, салық төлеушілер салық органдарынан камералдық бақылау аясында заңбұзушылықтардың бары жайлы хабарламалар келе бастағанына байланысты шағымданған.
Салық органы заңбұзушылық туралы қалай хабарлайды
Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасына сәйкес, камералдық бақылау туралы хабарламаландыру құжаты жеке қол қойылып, салық төлеушінің өзіне беріледі немесе салық төлеушінің электрондық кабинетіне хабарлама жіберіледі.
Мұндай хабарландыру электрондық пошта арқылы жіберілмейді.
Осылайша салық төлеушілердің электрондық пошталарына жіберілетін хабарландырудың Мемлекеттік кірістер комитетіне еш қатысы жоқ", - делінген хабарламада.
Яғни мемлекеттік орган өкілдері мұндай хабарландыруды электрондық пошта арқылы жібермейді.
Мұндай хаттарды поштаға кім жіберуі мүмкін
Елімізде әр түрлі алаяқтық дерегі күн санап артып жатыр.
Мәселен, алаяқтар құзырлы органдардың атын жамылып, мынадай алаяқтыққа баруы мүмкін:
- Ұлттық банк немесе екінші деңгейлі банк менеджерінің атын жамылған алаяқтар несие алу бойынша күдікті өтінімдер туралы, ақшаны шешіп алу әрекеттері жайлы және т.б. қиындық туралы хабарлауы ықтимал;
- Қазпошта атын жамылған алаяқтар сәлемдеме келгені жайлы жалған хабарландыру жіберуі мүмкін;
- жеке сот орындаушылардың атын жамылғандар қамауға аламыз деп әрі адамның "қарыздары үшін" оны бас бостандығынан айырамыз деп қорқытуы мүмкін.
Осылайша салық органдарының атынан осыған ұқсас хабарландыру жіберілсе, оның растығына күмәнданған жөн. Себебі алаяқтар жеке кәсіпкерлер мен бизнеске қауіп төндіруі әбден мүмкін.
Сондықтан салық органдарының өкілдері қазақстандықтарға заңбұзушылықтар жайлы хабарландыру электрондық поштаға келсе, ондай хабарландыруға мән бермеуге кеңес берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2058431-qazaqstandyqtardyn-postasyna-salyq-organynan-xat-kelip-zatyr-ogan-senuge-bola-ma/