Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарды инвестициялық кірісін жасыруға не мәжбүрлеп отыр

Жарияланған күні:

Читать на русском
Салық құжаттары мен түбіртегі, калькулятор
Калькулятор мен құжат. Көрнекі фото: pixabay.com

Әдетте дамыған елдерде жеке инвесторлар шығынға ұшыраған жағдайда салық төлеуден қорғалған. Бірақ Қазақстанда салықты бәрібір төлеуге тура келеді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Қаражатын бағалы қағаздар мен өзге активтерге (акциялар, облигациялар, криптовалюта және т.б.) салатын қазақстандықтардың саны артып келе жатыр – мысалы, 2023 жылғы наурызда ашық брокерлік шоттардың саны 1 миллионға жетті.

Бұл ретте бөлшек инвесторлар тиісті салық декларациясын тапсырып, салық төлеуі керек.

Алайда Миноритарлық акционерлер қауымдастығының басқарушы кеңесінің (QAMS) мүшелері Салық кодексі жетілмегендіктен, олар бұл норманы айналып өтуі мүмкін екенін айтады.

Инвесторларды заңбұзушылыққа не итермелейді

Дереккөз ақпараты бойынша, инвесторлар санының еселеп өсуіне мемлекет қатысатын компаниялардың IPO-ға шығуы да сеп болды. Алайда бірқатар мәселе бұл көрсеткішті одан әрі арттыруға кедергі болып тұр.

Бұл ретте жеке инвестициялардың рөліне тиісті бағасын берген жөн – себебі олар инвесторларға салымын ұлғайтуға әрі капитал құруға мүмкіндік береді, ол да мемлекеттік бюджетке кіріс әкелуі немесе отандық компанияларға қаржы салуға ықпал етуі мүмкін.

"Мысалы, Қазақстан Республикасының азаматы күнтізбелік жыл ішінде шетелдік қор нарығында он мәміле жасап, оның сегізінен 8 мың доллар көлемінде шығынға ұшырап, екеуі бойынша 2 мың доллар табыс көрсе, онда пайда әкелген мәмледен 10 пайыз көлемінде төлеуі керек (ақшалай баламасы 200 доллар), сол екі арада факт бойынша инвестор 6 мың доллар көлемінде теріс қаржылық нәтиже көріп отыр.

Бұл Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстанда шетелдiк бағалы қағаздар бойынша немесе т.б. қаржы құралдары арқылы операция жасаса, салық салу кезiнде тек пайда әкелген мәмілелер есепке алынып, шығынға ұшыратқан көрсеткіштер ескерілмейтінін көрсетеді

Бұл ереже әлемдік тәжірибеге қайшы келеді", – делінген хабарламада.

Осылайша салық мәселелесіндегі әділетсіздік мынадай салдарға әкелуі мүмкін:

  • инвесторларды сыртқы нарықтағы мәмілелерден тапқан кірісін декларацияда көрсетпеуге итермелеу;
  • салық салу және салықтық әкімшілендіру бөлігінде мемлекеттік институттарға сенімсіздік пайда болуы мүмкін;
  • сыбайлас жемқорлық аумағын кеңейтуге жағдай жасау.

Салық жүйесі қалай жұмыс істеуі керек

Сарапшылардың пікірінше, әлемдік тәжірибе инвесторларға есепті кезеңде жалпы тиімсіз нәтижелер болған жағдайда салық төлемеуге мүмкіндік береді.

Мәселен, Ресейде инвесторлар салық базасын азайту үшін шығынға ұшырағанын пайдалана алады.

Сондай-ақ олардың келесі жылдардағы салық базасын азайту үшін шығындарды алдағы кезеңдерге жылжыту мүмкіндігі бар. Осыған ұқсас шаралар АҚШ-та да қолға алынған.

Сондықтан сарапшылардың пайымдауынша, салық заңнамасына бөлшек инвесторлардың сыртқы нарықтағы бағалы қағаздармен мәмілелеріне салық салудың әділ тәсілдерін белгілеуге бағытталған өзгерістер енгізу қажет.

Сонымен қатар сапаршылардың сөзінше, мұндай өзгерістер тіпті 2020 жылдан бастап жасалған мәмілелерге де қатысты болуы керек.

"Ұсынылған нормалар 2023 жылы қор нарығының кәсіби қатысушыларының қатысуымен Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және Ұлттық экономика министрлігінің жұмыс тобы тарапынан концептуалды түрде қолдау тапқан, бірақ кейін лауазымды тұлғалар белгісіз себептермен айнып қалды.

Осы өзгерістерге қатысып, қолдау көрсетсеңіздер, Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсартуға себі тиетініне сенімдіміз, тоқетерін айтқанда, бұл экономикалық өсім мен ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді", – деп есептейді QAMS өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2059911-qazaqstandyqtardy-investiciyalyq-kirisin-zasyruga-ne-mazburlep-otyr/