Әскерилер мен күш құрылымдары қызметшілерінің зейнетақысы жаңа әдіспен есептелеуі мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов мәжіліс депутаттарының әскерилер мен күш құрылымдары қызметшілеріне базалық зейнетақы төлемін қайтару туралы сауалына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов парламент мәжілісі депутаттарының әскери және құқық қорғау органдары зейнеткерлерінің зейнетақы аударымдары туралы сауалына жауап берді.
Бектенов бүгінде құқық қорғау органдарының зейнеткерлерін бірқатар мәселе алаңдатып отырғанын айтты. Олардың ішінде:
- 25 жыл еңбек өтілімен келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыстан босатылғандарға зейнетақыға құқық беру;
- 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін жұмыстан босатылғандарға мемлекеттік базалық зейнетақыға құқық беру;
- зейнетақы жинақтарының қалдығын шектеусіз пайдалану;
- 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін шақырылған және жұмыстан босатылған күннен бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыстан босатылғандардың зейнетақысын индекстеу.
"Бұл мәселелер әлеуметтік қамсыздандыру мен еңбекақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарында бірнеше рет қаралды. Айта кетерлігі, көтерілген мәселелердің бірі бойынша шешім Әлеуметтік кодексте көрініс тапты. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап еңбек өтілі бар зейнеткерлер тұрғын-үй жағдайын жақсарту және емделуге ақы төлеу үшін зейнетақы жинақтарының қалған бөлігін толық көлемде біржолғы пайдалануға құқылы", - деді ҚР премьер-министрі.
Ол сондай-ақ жұмыс тобы Әлеуметтік кодекске қосымша түзетулер әзірлегенін атап өтті.
Оның ішінде:
- еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдерін алу құқығы (егер 25 жылға дейін еңбек өтілі болса, келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін қызметтен босатылған кезде);
- 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке шақырылған және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыстан босатылған адамдардың зейнетақысын индекстеу.
"Бұл түзетулер мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап ететінін ескере отырып, оларды қарау қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкес жалғасады", - деді Олжас Бектенов.
Еске салайық, 2020 жылы Қорғаныс министрлігі 1998 жылы қызметке кірісіп, 2016 жылдың соңына дейін қызметтен босатылған әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің зейнетақысын қайта есептеуді ұсынған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2063284-qazaqstanda-askeriler-men-kus-qurylymdary-qyzmetsilerinin-zeinetaqysy-zana-adispen-esepteleui-mumkin/