Қазақстанға 30-дан астам шетелдік компания көшіп келеді
Жарияланған күні:
Читать на русскомҮкіметте өткен брифингте Ұлттық экономика министрінің орынбасары Бауыржан Құдайбергенов Қазақстанға қанша шетелдік компания көшіп келгенін я көшуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Үкімет шетелдік компаниялар мен ірі кәсіпорындардың релокациясы (бизнесті ел ішінде я шет мемлекетке көшіру — ред.) бойынша жұмыс істеп жатыр. Тізімге 30-дан астам елден 300-ге жуық компания енген. Бүгінде құны 1,5 миллиард доллардан асатын 41 компания бойынша нақты нәтиже бар.
Бүгінгі таңда 37 кәсіпорын бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әзірге қандай компаниялар жайлы айтып жатқанымызды жарияламаймыз. Әрбір кәсіпорынмен жеке жұмыс жүргізіледі. Бұл үдеріс жыл соңына дейін аяқталуға тиіс", — деді вице-министр Құдайбергенов.
Оның айтуынша, 37 шетелдік компанияның құны шамамен 1 миллиард доллар.
"Олар бізге көшіп келеді. Әрине, көбіне өңдеу өнеркәсібіне, ІТ-цифрландыру саласына, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібімен айналысатын компанияларға басымдық беріледі", — деп қосты ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2064602-qazaqstanga-30-dan-astam-seteldik-kompaniya-kosip-keledi/