Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаяқтарды тану жолдары: олардың үш негізгі белгісі

Жарияланған күні:

Читать на русском
Смартфондарды ұстап тұрған адам
Телефондарды ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: Arman Zhenikeyev/Getty Images

Қазақстандықтар түрлі алаяқтық схемалар туралы хабардар болса, өздерін қорғай алады. Мысалы, алаяқтар жиі сөзіне сендіріп, құрбанын сенімсіз тәсілдермен ақша аударуға итермелейді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Алаяқтар қазақстандықтардың ақшасын түрлі тәсілмен жымқыруы мүмкін: телефон соғуы ықтимал немесе әлеуметтік желіде күмәнді сілтемелер арқылы өтіп, белгісіз "сауалнаманы" толтыруға үгіттеуі мүмкін.

Мұндайда қолданылатын әдістердің барлығында көп кездесетін ортақ элементтер бар, егер қазақстандықтар оларды анықтай алса, алаяқтарға жем болудан сақтана алады. Ең бастысы – қырағылық танытып, әрбір күмәнді ақпаратқа сыни көзқараспен қарап үйрену.

Себебі қырағылық танытпаған жағдайда тіпті қауіпсіздік мамандары алаяқтардың құрбаны болуы ықтимал.

Алаяқтар алғаш рет байланысқа шыққанда не істеу керек

Әдетте диалогты алаяқтардың өздері бастайды: олар банк өкілдерінің, мемлекеттік органдардың, жеке компаниялардың атынан, тіпті клиент ретінде бірінші болып азаматтарға қоңырау шалады.

Дегенмен алаяқтық сценариіне байланысты олар мынадай тәсілдерді пайдалануы мүмкін:

Мемлекеттік мекемеден немесе компаниядан (банктен, лотереядан, интернет-провайдерден және т.б.) қоңырау немесе хабарлама келеді. Мұндай жағдайда ұйымның нақты атауын әрі қызметкердің байланыс деректерін біліп алған жөн, кейін қоңырауды үзіп, ресми сайтта жарияланған телефон нөмірлері арқылы алаяқ айтқан мекемеге немесе бөлімге өзіңіз қоңырау шалыңыз;

  • "клиент" қоңырау шалған немесе жазған жағдайда не істеу керек? Бұл алаяқтық түрі де аса қауіпті. Себебі алаяқтар әңгімені хабарландыру жарияланған ресми платформада емес, әлеуметтік желіде жалғастыруды ұсынады. Ал кейде тауар сатып алу-сату бойынша төлемді күмәнді төлем жүйесімен жасауды ұсынулары да мүмкін. Ондай жағдайда мұндай ұсыныстан бас тартып, алаяқтармен байланысты үзу керек.

Күдікті ресурстар мен төлем әдістері

Екінші "кезеңде" алаяқтар құрбанын тұзағына түсіріп, оның ақшасын заңсыз иемденуге тырысады.

Әдетте белгісіз компаниялардан (ұсыныс жасайтын туристік агенттіктерден, интернет-дүкендерден және т.б.) немесе мемлекеттік органдардан қоңырау шалып, хабарлама жіберетін алаяқтар қазақстандықтарды мынадай әдістермен ақша жіберуге немесе қызмет ақысын төлеуге көндіруі мүмкін:

  • белгісіз ресурс – алаяқтар қазақстандықтарға "алдын ала төлем немесе жеткізу қызметінің" сілтемесін жіберіп, интернет-дүкендер немесе жеке хабарламалар жариялауға арналған сайттар арқылы төлем жасауға үгіттеуі мүмкін;
  • алаяқтар жәбірленушіге тек алдын ала төлем жасау керектігін әрі төлем тек екінші деңгейлі банк картасына қабылданатынын немесе төлем жүйесінің өзге де трі арқылы жасалатынын айтуы мүмкі. Алайда төлем жасау мақсатында жәбірленушіге жеке тұлғаның деректері жіберілсе, бұл қауіптің жоғары деңгейін көрсетеді.

Мұндай жағдайда мәміле жасаспаған жөн, себебі адал кәсіпкер/сатушы не сатып алушы көбіне азаматтардың мүддесі қорғалмайтын схемаларды ұсынбайды.

Сондай-ақ ұсынылған ресурстың сілтеме атауына назар аудару қажет: жалған сайттың домені ресми сайт атауынан ерекшеленуі мүмкін (мысалы, жалған сайтта NUR.KZ орнына NUP.KZ деп жазылуы ықтимал). Тіпті әлеуметтік желідегі таныс адамдардан белгісіз сілтеме келген жағдайда мұндай сілтемеге өтпеген дұрыс.

Алаяқтар эмоциялық қысым жасап, құрбанын сендіруге тырысады

Алаяқтар жәбірленушіні сендіріп, қаражатын иемдену мақсатында оған психологиялық әсер етіп, ақша аударуға мәжбүрлейді.

Мысалы, алаяқтар өз құрбанын қорқытып, талап қоя бастайды (көбіне алаяқтар қоңырау шалып бопсалайды), тіпті жәбірленушіні "тиімді жеңілдіктен" айырылып қалатынына сендіруі мүмкін. Немесе ұсыныстың шектеулі екенін, SMS-хабарламамен келетін кодты үшінші тарапқа айтудың еш қаупі жоғын айтып, т.б. айла-тәсілдерін қолданып сендіреді.

Мұндайда алаяқтың айтқанына еріп кетпей, ақпараттың дұрыстығын әрі қоңырау шалушының жеке басын тексеру керек. Яғни интернеттен мекеменің ресми сайтын тауып, мемлекеттік мекемеге немесе жеке компанияның байланыс орталығына қоңырау шалып, ақпараттың рас-өтірігін анықтап алған дұрыс.

Аталған белгілердің барлығы әр түрлі алаяқтық схемада кездеседі, сондықтан қазақстандықтардың қырағы болғаны жөн. Сонда ғана алаяқтардан сақтанып, ақшаңыздан айырылып қалмайсыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2065974-alayaqtardy-tanu-zoldary-olardyn-us-negizgi-belgisi/