Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жәрдемақы мен зейнетақыға тәуелділігі жоғары өңірлер аталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жәрдемақылар орташа есеппен қазақстандықтардың жалпы табысының тек 3,7 пайызына тең. Дегенмен бірқатар облыста бұл көрсеткіш жоғары, мысалы, Түркістан облысында – 7,2 пайыз. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстан бюджетінде азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру сынды әртүрлі шығыстар қарастырылған.

Экономикалық зерттеулер институты (ERI) сарапшыларының айтуынша, бүгінде еліміздің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) шамамен 5 пайызы халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Сонымен қатар әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың мөлшерін қысқартуға болмайды, яғни олар "қол тигізуге" тыйым салынған шығындар қатарына кіреді.

Бір қызығы, Қазақстанда бірден екі қарама-қарсы құбылыс тіркелген – туу көрсеткішінің артуы әрі Қазақстан азаматтарының қартаюы. Бұл ретте туу көрсеткіші артқан сайын жәрдемақы мөлшері өседі, яғни көпбалалы отбасылар санының артуына байланысты (төрт және одан көп баласы бар қазақстандық отбасылар) жәрдемақы мөлшері жоғарылайды.

Мәселен 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта туу көрсеткіші 2018 жылғы 19,7 пайыздан 2022 жылы 29,2 пайызға дейін өскен. Тиісінше, жәрдемақы алатын көпбалалы отбасылар саны екі еседен астам – 270 861 адамнан 501 158 адамға дейін көбейген.

Сондай-ақ мүгедектігі бар балалар саны да артқан, сәйкесінше, жәрдемақы алушылар да көбейген.

Осылайша Қазақстандағы жәрдемақы мөлшері халықтың жалпы табысының шамамен 3,7 пайызына тең, бірақ бірқатар өңірде азаматтар әлеуметтік қолдауға көбірек тәуелді.

Мысалы Түркістан облысында жәрдемақы мөлшері тұрғындардың табысының 7,2 пайызына тең, ал Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында бұл көрсеткіш 7,1 және 6,3 пайыз.

Сондай-ақ елімізде егде жастағы адамдардың саны артқан. Қазір 65 жастан асқан тұрғындардың үлесі Қазақстан бойынша 8,5 пайыз. Дегенмен кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш 10 пайыздан асады. Егде жастағы адамдар көбіне Шығыс Қазақстан (15,0 пайыз), Солтүстік Қазақстан (14,2 пайыз) әрі Қостанай (12,8 пайыз) облыстарында тұрады.

Орташа есеппен алғанда қазақстандықтардың ақшалай табысының 18,5 пайызын зейнетақы алып отыр. Алайда егде жастағы азаматтар саны көп аймақтарда зейнетақыға тәуелділік көрсеткіші жоғары.

Мәселен Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш – 28,2 пайызға, Солтүстік Қазақстан облысында – 25,5 пайызға, Абай облысында – 24,6 пайызға тең. Солтүстік және орталық аймақтарда зейнетақы үлесі халықтың жалпы ақшалай табысының 20 пайызынан асады.

Еске салайық, 2024 жылы жәрдемақы мен зейнетақы мөлшері айтарлықтай өскен болатын. Мәселен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері 7 пайызға артқан. Бүгінде ол 571,6 мыңға жуық отбасына төленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2066805-qazaqstanda-zardemaqy-men-zeinetaqyga-taueldiligi-zogary-onirler-ataldy/