Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйел құқығы бұзылады": Тәңірберген Бердоңғар жұбайының келісімінсіз несие алуға тыйым салу туралы заң жобасына қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Ер мен әйел құжатты оқиды
Көрнекі фото: depositphotos.com

Саясат және мемлекет қайраткері қазақстандықтарға жұбайының келісімінсіз несие алуға тыйым салу туралы заң жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, заң жобасында қазақстандықтарды өз атына несие алғысы келсе, жұбайының келісімін алуға міндеттейтін норма қарастырылған.

Жағдайды несие беретін банктер бақылауға тиіс – осыған байланысты қаржы ұйымдары қарыз алушылар ұсынған ақпарат пен құжаттарды тексеруге мәжбүр болады.

Заң жобасы мәжілісте бірінші оқылымда қаралып, 6 наурызда мақұлданды. Ал 18 наурызда парламенттегі жұмыс тобы түзетулер пакетін талқылады. Сенат бұл заңды қабылдаса, ол 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

Осы тұста Тәңірберген Бердоңғар бұл шара ерлі-зайыптылардың қаржылық шешім қабылдауда құқығын шектеп, аталған мәселеде олардың бір-біріне тәуелді етіп қоятынына сенімді. Ол заң жобасына қатысты Instagram-парақшасында пікір білдірді.

"Қазір парламентте ерлі-зайыптының дербес шешім қабылдауына мүмкіндік бергізбейтін түзетулер қарастырылып жатыр. Бұл отбасындағы әйелдің ғана емес, ерлердің де құқығын шектейді.

Яғни, салыстыру кестесіне сәйкес, несие алу үшін жұбайының келісімі қажет. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Әр адам өз бетінше шешім қабылдауға құқылы, тіпті некеде болса да", - деп есептейді қоғам белсендісі.

Бердоңғардың айтуынша, егер әйелі, мысалы, өзіне бірдеңе сатып алғысы келсе, күйеуінің келісімін сұраудың қажеті жоқ. Өйткені, Тәңірбергеннің айтуынша, ерлі-зайыпты өзіне бірнәрсе сатып алуда теңдей жауапкершілік алмайды.

Дегенмен заң жобасының авторлары осы арқылы қазақстандықтар өз бастамасынан бөлек пайда болған қарыздан, қаржы ауыртпалығынан қорғалатынын айтып, шешімін негіздеп отыр. Олар мысал ретінде құмар ойынына тәуелді адамның несие алып, оны қайтармай, отбасын қиын жағдайда қалдыратынын келтірген.

Бірақ, Бердоңғардың айтуынша, бұл жағдайдан шығудың дұрыс жолы емес, оның үстіне заң қабылданса да, іс жүзінде жағдай өзгермейді. Бұл жерде ең алдымен күйеуі несие алуға рұқсат етпейтін әйелдер зардап шегеді, деп есептейді ол.

"Менің ойымша, бұл заң қабылданса қазақ отбасыларында ұрысқа тағы бір себеп қосылады. Заң жобасының бастапқы ниеті дұрыс сияқты – құмар ойындарына тәуелділік және басқасы. Бірақ құмар ойынға нағыз тәуелді адам ақша алудың жолын табады, ол үшін қаржы институттарына жүгінудің қажеті жоқ.

Бұл жерде онсыз да қаржылық шешімді дербес қабылдай алмайтын қазақстандық әйелдердің құқығы көбірек бұзылады. Ал бұл заң жағдайды одан сайын күрделендіре түседі", – деп түйіндеді сөзін Тәңірберген Бердоңғар.

Бұған дейін мұндай жаңашылдық қазақстандықтарға қалай әсер ететіні туралы болжам жасалған болатын. Оның ішінде ауруына байланысты уақытша еңбекке жарамсыз болып қалған адамның отбасы қажеттілігіне шұғыл түрде ақша қажет болатын жағдайлар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2080907-aiel-quqygy-buzylady-tanirbergen-berdongar-zubaiynyn-kelisiminsiz-nesie-aluga-tyiym-salu-turaly-zan-zobasyna-qatysty-pikir-bildirdi/