Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда зейнетақы жинағын жеңілдетілген тұрғын үй құрылысына жұмсау ұсынылды

Жарияланған күні:

Үйдің моделі
Үйдің моделі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстандық депутаттар елдегі тұрғын үй мәселесін БЖЗҚ-да сақталған зейнетақы активтерінің көмегімен шешуді, яғни оларды жеңілдетілген тұрғын үй құрылысына салуды ұсынды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Қазақстанда баспананың қолжетімділігі мен халықты баспанамен қамтамасыз ету проблемасы өзекті. Біз бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) стандарттары бойынша әр адамға орта есеппен 30 шаршы метрден келетінін айтқан едік. Ал Қазақстанда 2023 жылы бұл көрсеткіш небәрі 23,4 шаршы метрді құраған.

ҚР премьер-министрі Олжас Бектеновке ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары сауал жолдап, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) зейнетақы активтерін жеңілдіктегі тұрғын үй құрылысына жұмсау туралы ұсыныс айтты.

Олардың пікірінше, "несие берудің дәстүрлі шарттары үшін және көпшіліктің табысы шектеулі болғандықтан", қазақстандықтардың аздаған бөлігі ғана ипотекамен жылжымайтын мүлік сатып ала алады.

Депутаттар әлемдік тәжірибеге сүйене отырып әрекет етуді ұсынып отыр. Мысалы, Сингапурда 99 жылға жалға берілетін баспана алуға болады. Алайда мұндай жүйе жұмыс істеуі үшін елде Орталық жинақ қоры бар, оған әрбір сингапурлық ай сайын табысының 20 пайызын аударып отырады. Дәл осы соманы жұмыс берушісі де ай сайын аударады.

Көрнекі
Шашылып жатқан тиын. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда, депутаттардың айтуынша, тұрғын үй мәселесін шешу үшін ресурстар мен механизмдер құрылып қойған.

"Осы мақсаттар үшін аталған жобаларды БЗЖҚ қаражатынан халықтың ортақ жауапкершілігі негізінде сатып алу құқығымен 40 жылдан 90 жылға дейінгі мерзімге (халықтың ортақ жауапкершілігі негізінде) сатып алу құқығымен және республикалық бюджеттен "Қазір сен төлейсің, кейін саған төлейді" қағидасы бойынша шығынсыз ұзақ мерзімді қаржыландыруды көздеуге болады" - деп түсіндірді депутаттар.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану азаматтарды баспанамен қамтамасыз етіп қана қоймай, қордың табыстылығын арттыруға да мүмкіндік береді. Тұрғын үйді жалдау және сатып алудан түскен ақша зейнетақы салымдары бойынша ағымдағы кірістіліктен асатын пайыздық мөлшерлемемен қаржыландыру көзіне түседі.

Табыстылық пен тұрғын үй мәселесін шешуден басқа, мұндай тетік жеңілдікті тұрғын үйдің өзіндік құнын төмендетуге және ел экономикасын бір кездері Астана құрылысы кезіндегідей жеделдетуге мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2081021-qazaqstanda-zeinetaqy-zinagyn-zenildetilgen-turgyn-ui-qurylysyna-zumsau-usynyldy/