Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақының максималды мөлшері қандай

Жарияланған күні:

Ақша санап отырған адам
Ақша санап отырған адам. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Егер отбасында сегіз және одан да көп бала болса, онда мемлекет әр балаға 4 АЕК-тен төлейді. Бұл ретте жәрдемақы мөлшері шектелмейді, себебі бәрі де отбасындағы адам санына байланысты.

Егер отбасында төрт және одан да көп кәмелетке толмаған және 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары болса, онда көп балалы отбасылардың мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар. Бұл үй шаруашылығының табысына қарамастан төленеді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері орташа есеппен 577,4 мың отбасы жәрдемақымен қамтылды – барлығы 116,6 млрд теңге төленді. Наурызда 583,1 мың отбасыға жалпы сомасы 39,4 млрд теңгеге мемлекеттік көмек көрсетілді.

Жәрдемақы мөлшері балалардың санына және айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты болады. 2024 жылы келесі төлем мөлшері белгіленді:

  • 4 бала – 16,03 АЕК (59 183 теңге)
  • 5 бала – 20,04 АЕК (73 988 теңге)
  • 6 бала – 24,05 АЕК (88 793 теңге)
  • 7 бала – 28,06 АЕК (103 598 теңге)
  • 8 және одан да көп бала – әр балаға 4 АЕК (әрқайсысына 14 768 теңгеден).

Сондай-ақ ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес отбасындағы бала санына, демек, жәрдемақы мөлшеріне де шектеу жоқ.

Теориялық тұрғыдан алғанда, көп балалы отбасында бала саны қаншалықты көп болса да, олардың әрқайсысына бәрібір ай сайын 4 АЕК-тен төленеді. Естеріңізге сала кетейік, жәрдемақы тек туған балаларға ғана емес, асырап алынған балаларға да төленеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2082902-qazaqstanda-kop-balaly-otbasylarga-beriletin-zardemaqynyn-maksimaldy-molseri-qandai/