Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені өзгертусіз қалдырды

Жарияланған күні:

Ұлттық банк
Ұлттық банк ғимараты. Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені өзгертусіз қалдырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қаржы реттеушісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
2024 жылғы 25 қараша: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 14,75 пайыз деңгейінде белгілегені айтылған. Пайыздық дәліз +/- 1,0 п.т. құрады.

Ақпанда және наурызда жылдық инфляция төмендеу үрдісін жалғастырған. Алайда ол баяу қарқынмен төмендеді. Инфляциялық күтулер біршама әлсіреді. Бірақ, мейлінше, жоғары деңгейде қалды. Сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап түрде қалыптасып отыр. Әлемдік нарықтарда астық бағасы төмендеп келеді. Ішкі экономикада орнықты ішкі сұранысқа және тұрақтанбаған инфляциялық күтулерге байланысты инфляциялық қысым сақталып отыр.

Инфляция бойынша 5 пайыздық мақсатқа жету үшін ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет. Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жеңілдетуге арналған кеңістік әлі де шектеулі. Оның қалыптасуы инфляцияның орнықты бөлігінің тұрақты түрде баяулауына байлынысты. 

Жылдық инфляция 2024 жылдың наурыз айында 9,1%-ға дейін баяулап, болжамды траекториядан біршама жоғары қалыптасты. Ауытқу құбылысы тұрғын үй-коммуналдық қызметтер (ТКҚ) бағасының мейлінше тез өсу әсерінен орын алып отыр. Ұстамды қатаң ақша-кредит саясаты мен астықтың әлемдік бағасының төмендеуі – инфляцияның төмендеуіне септігін тигізуде.

Айлық инфляция алдыңғы айдағы күрт өсуден (1,1 пайыз) кейін наурызда 0,7 пайызға дейін баяулады. Бірақ орташа тарихи мәндерінен жоғары (0,6 пайыз) қалыптасты. Базалық және маусымдық факторлар ескерілмеген инфляция көрсеткіштері ұқсас динамиканы көрсетіп отыр. Яғни ақпан айында күрт үдеуден кейін наурыз айында айтарлықтай төмендеді.

Халықтың инфляциялық күтулері біршама төмендеді. Алайда, күтулер әлі де жоғары деңгейде.  Бұл негізінен тамақ өнімдері, ТКҚ мен жанар-жағармай (ЖЖМ) бағасының өсуіне байланысты.

Сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап түрде қалыптасуда. Наурызда негізінен өсімдік майы бағасының көтерілуі есебінен әлемдік нарықтарда азық-түлік құны аздап өсті. Экспорттаушы елдерде жиналған өнімнің есебінен және теңіз арқылы сауда жолдарының үздіксіз жұмыс істеуіне байланысты астық бағасы төмендеп келеді.

Мұнай бағасы базалық сценарийден сәл жоғары қалыптасып отыр. Бұл Қазақстанның сауда балансына оң әсер етеді. Алайда, мұнайдың жоғары бағасы сыртқы инфляциялық әсердің артуына себеп болуы мүмкін.

Сыртқы ақша-кредит жағдайлары қатаң қалпында қалып отыр. 2024-2025 жылдары АҚШ ФРЖ мөлшерлемелерді мейлінше ұстамды түрде төмендетеді деп күтілуде. Сонымен бірге, ЕОБ 2024 жылы экономикалық өсім мейлінше әлсіз болады деген күтуге қарамастан, инфляция ортамерзімді нысанаға қайтарылғанша тежеуіш ақша-кредит шарттарын сақтауды жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2083694-qazaqstan-ulttyq-banki-bazalyq-molserlemeni-ozgertusiz-qaldyrdy/