Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар орта есеппен қанша жалақы алғылары келеді

Жарияланған күні:

Еңбек кітапшасы
Еңбек кітапшасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сарапшылардың айтуынша, қазақстандық жұмыс іздеушілердің түйіндемесінде көрсетілген орташа жалақы 370 мың теңгені құрайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

2023 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстанда орташа атаулы жалақы шамамен 400 мың теңгені құрады. Дегенмен бәрі бірдей мұндай табыс таппайды, тіпті көпшілігі әлдеқайда аз алады.

Мәселен, біз бұған дейін елдегі ең көп таралған жалақы туралы айтқан болатынбыз. 2023 жылы қазақстандықтар көбінесе 81 377 теңге ғана табыс тапқан. Алайда бұл адамдардың көп ақша тапқысы келмейді дегенді білдірмейді.

HeadHunter онлайн жұмыс іздеу платформасының сарапшылары Қазақстан тұрғындары орташа есеппен 370 мың теңгеден кем болмайтын жалақы алғылары келетінін айтты.

Мұндай қорытынды сәуір айында үміткерлердің 400 мың түйіндемесі сарапталған соң шығарылды. Айта кетейік, бұл сома өткен жылдың сәйкес кезеңінде порталда жарияланған түйіндемеде көрсетілгеннен бірден 17 пайызға (55 мың теңгеге) артық.

Ең жоғары жалақыға үміткерлер – сату менеджерлері, қаржыгерлер, бағдарламашылар мен әзірлеушілер. Сондай-ақ күтілетін жалақы көлемі еш жерде төмендеген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандағы жалақы мөлшері Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) басқа елдеріне қарағанда баяу өсетіні анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2083931-qazaqstandyqtar-orta-eseppen-qansa-zalaqy-algylary-keledi/