2024 жылғы жаһандық экономикалық өсімнің қозғалтқышы қай ел: сарапшылардың пікірі
Жарияланған күні:
Азия даму банкі Қытайдың қиындықтарға қарамастан, әлемдік экономикалық өсудің негізгі қозғалтқышы болып қала беретінін мәлімдеді. Бұл туралы CNBC сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Азия даму банкінің бас экономисі Альберт Пак "Азия дамуының перспективасы" баяндамасында Қытайдың алдағы жылдары жаһандық экономикалық дамуда маңызды рөл атқара беретінін атап өтті.
"Қазіргі уақытта Қытайдың экономикалық өсімі баяулап жатса да, біз оның жаһандық экономикалық өсімге септігін тигізетінін болжаймыз", - деді Пак.
Азия даму банкі Қытай экономикасы 2024 жылы 4,8 пайызға өседі деп болжайды, бұл үкімет белгілеген 5 пайыздан төмен. Қытай экономикасы 2023 жылы 5,2 пайызға өсті, бұл шамамен 5 пайыз деңгейіндегі ресми мақсатқа сәйкес келді.
Қытайдың өсу қарқыны қалыпты болғанның өзінде оның 2024-2025 жылдардағы Азияның экономикалық өсіміне қосатын үлесі 46 пайызды құрайды, деп хабарлайды Азия даму банкі.
Қазіргі кезде Қытайдың жаһандық және азиялық ЖІӨ-ге қосқан үлесі Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк және Халықаралық валюта қоры қолданатын сатып алу қабілетінің паритеттік көрсеткіштері бойынша 18 пайызды және 48 пайызды құрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2084030-2024-zylgy-zahandyq-ekonomikalyq-osimnin-qozgaltqysy-qai-el-sarapsylardyn-pikiri/