Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар автосалоннан көбінесе жаңа көліктер сатып алуда

Жарияланған күні:

Автокөліктер
Автокөліктер. Көрнекі сурет: welcomia/Getty Images

Наурыз айының өзінде Қазақстан тұрғындары 15 928 жаңа көлік сатып алған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 16,4 пайызға артық. Қазақстандықтар қандай көліктерге басымдық бергенін KAZ.NUR.KZ мақаласынан оқыңыздар.

Қазақстанда көліктер паркінің ескіруіне қатысты нақты мәселе бар – автомобильдердің жартысынан көбі 10 жылдан артық пайдаланылған. Дегенмен жағдай біртіндеп өзгеруі мүмкін.

Қазақстан автомобиль одағының (ҚАО) мәліметтеріне сәйкес, биылғы жылдың наурыз айында ғана еліміздің автосалондары 15 928 жеңіл, коммерциялық және жүк көліктерін сатқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 16,4 пайызға артық. Жеңіл автокөліктердің үлесіне 15 203 тиесілі.

Жалпы, 2024 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар 39 468 жаңа көлік сатып алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға жоғары.

Қазақстандықтар қандай көліктерді көбірек сатып алды

ҚАО деректері бойынша наурыз айында төмендегі брендтер үздік бестікке енді:

  • Hyundai – 3370 автокөлік;
  • Kia – 1810 автокөлік;
  • Chevrolet – 1374 автомобиль;
  • Chery – 1314 автокөлік;
  • Changan – 1215 автокөлік.

Қазақстандағы жаңа көліктердің сатылымы
Қазақстандағы жаңа көліктердің сатылымы. Дереккөз: Қазақстанның Автокөлік одағы

Бір қызығы, қазақстандықтар арасында танымал 20 автокөлік брендінің қатарына 11 қытайлық бренд енген. Жалпы сатылымдарды алатын болсақ, 2024 жылдың бірінші тоқсанында олар барлық сұраныстың үштен бірінен астамын (38, 27 пайыз) құрады. Үш айда 15 103 автокөлік сатылды.

Естеріңізге сала кетейік, сарапшылар қытайлық көліктердің сатылымы 2022 жылы артуы мүмкін екенін ескерткен болатын.

Қазақстанның Автокөлік одағы
Қазақстандағы жаңа көліктердің сатылымы. Дереккөз : Қазақстанның Автокөлік одағы

ҚАО мәліметінше, ағымдағы көрсеткіштер қазақстандықтардың жаңа көліктерді ресми дилерлерден алуға тырысатындарын көрсетуі мүмкін. Осылайша олар сенімділік пен құқықтарының қорғалатынына басымдық беріп отыр.

Дегенмен бұл шынымен тренд пе, әлде нарықтағы сұраныстың қысқа мерзімді өсуі ме, оны тек сәуір айының қорытындысы бойынша түсінуге болады.

Жалпы алғанда, нарықта бәсекелестік жоғары, бұл сатып алушылардың көлікті тиімді бағамен әрі кең ассортименттен таңдап алатындарын білдіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2084945-qazaqstandyqtar-avtosalonnan-kobinese-zana-kolikter-satyp-aluda/