Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең бай адамдар қай елдерде тұрады

Жарияланған күні:

Бай адам
Бай адам. Көрнекі сурет: Getty images / Ali CAN

Knight Frank консалтинг компаниясы әлемдегі бай адамдардың қай елдерде тұратынын жариялады. Сондай-ақ қазақстандықтардың бұл тізімде бар-жоғы да айтылды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Knight Frank тәуелсіз консалтинг компаниясының биыл жарияланған әл-ауқат есебіне сәйкес, 2023 жылы әлемдегі өте бай адамдардың (жеке капиталы 30 миллион доллардан асатын адамдар) саны 42 пайызға өсіп, 626,6 мың адамға жеткен. Компанияның болжамы бойынша, 2028 жылдың соңына қарай олардың саны тағы 28,1 пайызға артып, 802,9 мың адамға жетеді.

Аса байлардың көпшілігі Солтүстік Америкада тұрады: 253,1 мың адам – бір жыл бұрынғыдан 7,2 пайызға көп. Азия мен Еуропада аса бай адамдардың айтарлықтай саны тіркелді: 165,4 мың және 155,2 мың адам. Одан кейінгі орында Таяу Шығыс (18,8 мың адам), Австралия (17,9 мың адам), Оңтүстік Америка (13,2 мың адам) және Африка (3 мың адам).

Тағы бір айта кетерлігі бай адамдар жиналған кейбір танымал елдердің, соның ішінде Бельгия, Сауд Арабиясы, БАӘ және Ресейдің дереккөзінде нақты сандар жоқ және есепке кірмеген.

Елдер бойынша алғанда өте бай адамдардың үштен бірінен астамы АҚШ-та тұрады: 225,1 мың адам. Одан кейінгі орында Қытай: 98,6 мың адам. Бұл екі ел әлемдегі аса бай адамдардың жартысынан астамын құрайды.

Аса бай адамдар саны ең көп бес елдің қатарына Германия (29 мың адам), Канада (27,9 мың адам) және Франция (24,9 мың адам) кірді. Тұтастай алғанда, алғашқы 10 елдің үлесіне әлемдегі аса бай адамдардың 79,2 пайыз, ал алғашқы 20 елдің 90 пайыз дерлік үлесі бар.

Аса бай адамдардың саны бойынша елдердің рейтингі
Аса бай адамдардың саны бойынша елдердің рейтингі. Фото: ranking.kz

Қазақстан Knight Frank тізіміне енбегенімен, Forbes World's World's Billionaires 2024 жылғы жаңартылған рейтингінде бірден 6 қазақстандық әлемдік миллиардерлер тізіміне енді. Алғаш рет Вячеслав Ким 5,8 миллиард доллар байлығымен Қазақстанның ең бай адамы атанды. Одан кейін Тимур мен Динара Құлыбаевтар (әрқайсысы 5 млрд АҚШ доллары), Владимир Ким (3,6 млрд АҚШ доллары), Тимур Турлов (3,3 млрд доллар) және Болат Өтемұратов (2,7 млрд доллар) тұр.

Екінші жыл қатарынан планетаның ең бай адамы – француз Бернар Арно. Оның байлығы 233 миллиард АҚШ долларымен есептеледі. Екінші және үшінші орындарда америкалық Илон Маск пен Джефф Безос тұр: сәйкесінше 195 миллиард және 194 миллиард доллар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2086475-alemdegi-en-bai-adamdar-qai-elderde-turady/