Қазақстанда картадағы ақшаны сканермен шешіп алады: мұндай алаяқтық схемалары бар ма
Жарияланған күні:
Автобуста, метрода немесе көшеде мобильді төлем терминалдарымен картадан немесе смартфоннан ақша шешіп алуға болатыны туралы түрлі пікір айтылады. Бұл қазақстандықтарды қатты алаңдатады. HODL талдаушылары оның қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.
Банк картасымен немесе смартфонмен (NFC арқылы) контактісіз төлем функциясы сатып алу кезінде өте ыңғайлы. Бұл ретте пайдаланушының пин-кодын енгізбей-ақ картадан 25 мың теңгеге дейін шешіп алуға болады.
Осыған байланысты қоғамдық орындарда қаскүнемдер терминалды байқатпай жақындатып немесе тіпті қашықтан қазақстандықтардың ақшасын шешіп алады деген пікір қалыптасқан. Сондықтан кейбір пайда тапқысы келетіндер азаматтарға "RFID – банктің пластикалық карталарын қорғау" деп аталатын қымбат әмияндарды сатып алуды ұсынады.
Алайда, сарапшылар атап өткендей, мұндай тәуекелдің ықтималдығы өте төмен және арнайы қымбат қорғаныс шаралары қажетсіз болуы мүмкін.
Ақшаны байқатпай ұрлауға бола ма
Төлем терминалдарының контактісіз төлемдерді қабылдау функциясы бар. Дегенмен, дереккөзде атап өтілгендей, бұл құрылғылар тіркелген және "әмиянға" жатпайды. Ақша терминалға иелік ететін эквайер-банкке түседі.
Сонымен қатар егер біреу банк картасымен мұндай терминалды жәбірленушінің қалтасына тигізсе де, пайдаланушы мобильді қосымша арқылы дереу хабарлама алады.
"Күмән келтіретін алаяқтық... Ал терминалы бар адам оқиға орнында ұсталмаса, әрі қарай не істеу керек?
Ал әрі қарай бірнеше жәбірленушінің ақшаны рұқсатсыз шешіп алу оқиғасы туралы дереу өз банкіне хабарласуы жеткілікті. Жүйе қылмыскерлерді ақшасыз қалдырып, транзакцияларды дер кезінде бұғаттайды (сонымен бірге оларды автоматты түрде анықтайды)", - дейді сарапшылар.
Аұшаны қашықтан шешіп алу қаншалықты рас
Интернетте контактісіз ақша жоғалту қаупі туралы басқа хабарламалар да тарауда:
- RFID сканері арқылы – банк карталарын қашықтан оқуға және тіпті "клондауға" қабілетті құрылғылар бар-мыс;
- NFC төлемдері арқылы – деректерді көшіру қаупін тудыратын құрылғы.
Алайда, сарапшылар атап өткендей, банк карталарын "клондау" мүмкіндігі бұрын магниттік таспа үшін болған. Ал заманауи карталарда көшіруге болмайтын EMV (Europay-Mastercard-Visa) қауіпсіздік стандартына негізделген чиптер қолданылады. Өз кезегінде, NFC төлемдерімен әрбір транзакция үшін бір реттік кілт жасалады, ол да пайдаланушының ақшасын қорғайды.
"Сондықтан, контактісіз төлемдерден қорқудың қажеті жоқ, керісінше деректеріңіздің ұрлануынан, телефоныңызды жоғалтып алуыңыздан немесе құпия сөзді ұрлатып алудан абай болған жөн. Картаны абайсызда біруге беріп, қаскүнемдер деректеріңізді, соның ішінде CVV кодын көшіріп алуы немесе зиянды сілтемені ашып, фишинг сайтына деректеріңізді жолдап жіберуіңіз де ықтимал.
Бұл, өкінішке орай, нағыз қауіп. Ал карталарды фольгаға орау немесе қымбат, қажетсіз әмияндарды сатып алу мүлдем қажет емес", - деп есептейді сарапшылар.
Бұған дейін Қазақстанда банк шотына тыйым салуды уақытша алып тастауға болатынын айтқан едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2086646-qazaqstanda-kartadagy-aqsany-skanermen-sesip-alady-mundai-alayaqtyq-sxemalary-bar-ma/