Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаяқтар сыртыңыздан несие ресімдеуі мүмкін бе және мұндай әрекеттерден қалай қорғануға болады

Жарияланған күні:

Ақшасы мен карта ұстаған алаяқ
Ақшасы мен карта ұстаған алаяқ. Көрнекі фото: Freepik/jcomp

Алаяқтар атыңызға несие ресімдеуі мүмкін. Кез келген жағымсыз жағдайды болдырмау үшін деректеріңіз бен құжаттарыңызды қадағалап отыруыңыз керек. Мұндайда несие алуға ерікті тыйым салу тиімді әдіс болуы мүмкін.

Алаяқтық несие – жағымсыз жағдай. Қорғаудың негізгі әдістері туралы ақпарат өзіңізді басқа біреудің қарызын төлеуден немесе сот ісін жүргізуден қорғауға көмектеседі.

Адамның сыртынан несие рәсімдеу мүмкін бе

Қазақстан заңнамасы тұрғысынан адамның сыртынан несие беру мүмкін емес. Дегенмен мұндай жағдайлар іс жүзінде кездеседі. Заңсыз несие беру алаяқтық әрекеттер, сәйкестендіру және аутентификация қателеріне байланысты болуы мүмкін.

Алаяқтық схемалары әртүрлі. Мысалы, бұл жалған жеке куәлік болуы мүмкін. Мұндайда алаяқтың фотосуретінен басқа деректің бәрі де басқа бір адамға тиесілі болады. Сондай-ақ онлайн несие алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаңыз немесе басқа маңызды деректер ұрлануы мүмкін.

Мысалы, "Шағын несиелерді электронды түрде беру қағидаларын бекіту туралы" ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысының 35-тармағына сәйкес Интернет желісі арқылы микрокредит беру кезінде клиенттің аутентификациясы болуы керек. Ол электрондық цифрлық қолтаңба, биометриялық деректерді пайдалану арқылы немесе екі факторлы тексеруді қолдана отырып жүзеге асырылады (мысалы, құпиясөзді енгізу және SMS-пен келетін бір реттік құпиясөз).

Алаяқтардың ЭЦҚ-ны ұрлауы жеткілікті. Олар сондай-ақ құпиясөзді бұзып, SIM картасы арқылы SMS-пен бір реттік кодты алуы да мүмкін.

Төлқұжатсыз, бірақ төлқұжат деректерімен несие алуға бола ма? Тек төлқұжат деректері жеткіліксіз. Сонымен қатар жеке куәлікті қолдан жасау өте қиын, өйткені онда аты-жөні немесе фотосы сияқты қайталанатын ақпараты бар чип орналасқан.

Қыз тыйым салу қимылын көрсетеді
Қыз тыйым салу қимылын көрсетіп тұр. Көрнекі сурет: Freepik/cookie_studio

Сондай-ақ қандай да бір адамның атынан несие алудың заңды жолы бар екенін де есте ұстаған жөн. Яғни үшінші тұлғаға нотариалды куәландырылған сенімхат берген жағдайда несие заңды жолмен алған болып есептеледі. Себебі ондағы өкілеттіктер тізімінде несие алу мүмкіндігі бар.

Әдетте банктер тәуекелге бармайды және мұндай несиелерді беруден бас тартады. Дегенмен қаржы мекемесі заңды өкілге несие бере алады.

ҚР Азаматтық кодексінің 163-бабының негізінде басқа адамның (өкiлдiк берушiнiң) атынан бiр адамның (өкiлдiң) сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлеттiгi күшiмен жасаған мәмiлесi өкiлдiк берушiнiң азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн тiкелей туғызады, өзгертедi және тоқтатады.  Өкілдік берілген тұлға сенімхатта өкілдің несие алу құқығын көрсету арқылы өз еркін білдіргендіктен, мұндай мәмілеге дау айту өте қиын. Сондықтан сенімхатта мұндай пункттерді көрсетпес бұрын мұқият ойланыңыз.

Бетін бүркеген ер адам ноутбук алдында отыр
Бетін бүркеген ер адам ноутбук алдында отыр . Көрнекі сурет: Freepik/master1305

Сыртыңыздан несие алудан қорғайтын шаралар

Сіздің атыңызға заңсыз несие алуды жедел анықтау үшін несие тарихыңызды үнемі тексеріп тұрған жөн. Бұл өміріңізде ешқашан несие алмасаңыз да жасалуы керек.

Күмәнді SMS-хабарламалар алған жағдайда білмей алынған несиелер немесе микрокредиттер бойынша несие тарихын тексеру қажет. Мұндай SMS кейбір растауды сұрауы немесе несиені мақұлдау туралы хабарлауы мүмкін.

Несие тарихыңыздың мәліметтерін үйден шықпай-ақ біле аласыз. Жеке несие есебін мыналарды пайдалана отырып алуға болады:

Егер несие алынғаны анықталса, оны берген банкке немесе қаржы мекемесіне дереу хабарласу керек. Несиені алмағаныңызды түсіндіріп, несие алушыны анықтаудың барлық алгоритмдері орындалды ма, жоқ па деген ішкі сәйкестендіруді сұраңыз. Бұл ретте алаяқтық туралы хабарламамен құқық қорғау органдарына хабарласу қажет.

Сіздің атыңызға сіз білмей берілген несиеден қорғаудың жақсы тәсілі – несие алудан ерікті түрде бас тарту. eGov.kz түсіндіргендей, кез келген несиені алудан ерікті түрде онлайн бас тартуға өтініш бере аласыз. Өтінім берілгеннен кейін барлық банктер мен микрокредиттік ұйымдар бұл туралы ақпарат алады.

Өтінім берілген күннен бастап 6 ай ішінде өтініш берушінің атына банктік несие немесе шағын несие берілмейді. Алты айдан кейін тыйым автоматты түрде жойылады. Алайда бұған қарамастан, сервис қаржы ұйымдарына азаматтың қарызды ресімдеуге тыйым салғаны туралы хабарлай отырып, үшінші тұлғалардың несиені ресімдеу мүмкіндігін барынша шектейтінін, бірақ қарыздың берілмейтініне толық кепілдік бермейтінін ескеру қажет.

2024 жылғы наурызда ҚР Парламентінің Мәжілісі заң жобасын мақұлдады, оған сәйкес 2024 жылдың қыркүйегінен бастап банктер мен микроқаржы ұйымдарына ерлі-зайыптылардың біріне екіншісінің келісімінсіз несиелер мен микрокредиттер беруге тыйым салынады.

Алаяқтар сыртыңыздан несие ресімдеуі мүмкін. Сондықтан несие тарихыңызды үнемі тексеріп тұруыңыз қажет, егер өзіңіз ресімдемеген несиені анықтасаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Несиеге өзін-өзі тыйым салу осындай жағдайлардан қорғануға көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2087999-alayaqtar-syrtynyzdan-nesie-resimdeui-mumkin-be-zane-mundai-areketterden-qalai-qorganuga-bolady/