Биыл Қазақстандағы жаңа ипотекалық бағдарламаларға қанша қаражат бөлінеді
Жарияланған күні:
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері 2024 жылы мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар бойынша қанша адамға несие берілетінін әрі оған қанша қаражат бөлінгенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан үкіметінің Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Министрлік ақпараты бойынша, кезекте тұрған азаматтарға 2 және 5 пайыз мөлшерлемемен 81 млрд теңгеге 7 мың ипотекалық несие беріледі.
"Отау ипотекалық бағдарламасы бойынша 9 пайызбен 150 млрд теңгеге 8 мың ипотекалық несие беру көзделген.
"Отбасы банкі" 1 мамырдан бастап әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін жылдық 7 пайыз және өзге санаттағы азаматтар үшін 9 пайыз мөлшермемен 20 пайыз бастапқы төлеммен жаңа бағдарламаны іске қоспақ.
Оның шеңберінде 300 млрд теңгеге 12 мың ипотекалық несие, одан кейін жыл сайын 200 миллиард теңгеден 8 мың несие беру жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ министрлік мәліметіне сүйенсек, "7-20-25" бағдарламасы бойынша 100 млрд теңгеге 5 мыңнан астам ипотекалық несие беріледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2089580-biyl-qazaqstandagy-zana-ipotekalyq-bagdarlamalarga-qansa-qarazat-bolinedi/