Сарапшылардың пікірінше Қазақстандағы үкіметтің жоспарларына байланысты баспана бағасы көтеріледі
Жарияланған күні:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі жоспарлары осы саланы жақсартуға бағытталған. Алайда қабылданған шаралардың әсері теріс болуы мүмкін. Бұл туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.
23 сәуірде Индустрия және құрылыс министрі министрлер кабинетінде өткен брифингте Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы саласын дамыту жоспарларын жариялады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы UKIMET хабарлады.
Сонымен, атап өтілгендей, қабылданатын шаралардың ішінде:
- 111 млн шаршы метр тұрғын үй – қаржыландырудың барлық көздері есебінен жүзеге асырылады, бұл 1 миллионнан астам отбасын жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
- 1,1 триллион теңге мемлекеттік қолдау ағымдағы жылғы жеңілдікті мемлекеттік қолдаудың жалпы сомасы, бұл тарихи рекордтық көрсеткіш.
Дегенмен Tengenomika Telegram арнасының сарапшыларының пікірінше, бұл шаралар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алып қою кезіндегідей халықтың баспанаға қолжетімділігін төмендету қаупін тудыруы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, сондай-ақ брифинг барысында Индустрия және құрылыс министрі Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендер үшін баспананы қалай және қайдан алатынын, қалпына келтіретінін айтқан болатын.
Tengenomika мәліметінше, небәрі 6 жылдың ішінде жалпы тұрғын үй қорын 26,5 пайызға ұлғайту жоспарлануда, бұл өте – ауқымды мақсат.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2090678-sarapshylardyng-pikirinshe-qazaqstandagy-memlekettik-zhosparlarga-bailanysty-baspana-bagasy-koteriledi/